2014 жылғы 27 ақпанда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығының ғимаратында (мекенжайы Қ.Қайсенов көшесі, 67) «Матаның әсем қиығы немесе қолорамалдар туралы» атты көрме ашылды.
Көрмені мұражай-қорықтың ШҚО азсанды этнотоптары мен халықтарының этнографиясы бөлімінің қызметкерлері жазушы, саяхатшы Анна Федоровна Сурнинамен бірлесіп әзірлеген. Көрме тұсаукесерінде Қазақстанның халық артистері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесінің оқытушылары, халықаралық конкурстардың лауреаттары Гүлнәр Сайфулина мен Лариса Землянскаяның өнер көрсетті. Олар фортепианода төрт қолмен «Еврей әуендерін» және «Арыстан мен Брадобрейді» орындады. № 1 музыкалық мектеп оқытушысы Елена Пилипенко «Махаббат туралы ән» мен «Мэри» атты екі ән орындап берді.
«Матаның әсем қиығы немесе қолорамалдар туралы» атты көрмеде әлемнің әр елдерінен әкелінген 200-ден астам түрлі-түрлі қолорамал назарға ұсынылған. Бұлар – алуан формалы және орындау техникасы сантүрлі: қолдан жасалған немесе фабрикада шығарылған мақта, жібек және синтетикалық қолормалдар. Оларды Анна Федоровна жарты ғасыр бойы жинаған екен. Қолорамалдар сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен және кәдесыйлармен толықтырылған. Олардың арасында авторлық бұйымдар да бар. Мұнда А.Ф. Сурнина жазған кітаптар көрмеге қойылған.
Көрмеде көрсетілген қолорамалдар коллекциясы мұражай-қорыққа сыйға тартылмақ.
Фотосурет Алексей Мазницин мен Виктор Корждікі