• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Көктемгі көңіл-күй. 2014

Фото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

2014 жылғы 5 наурызда мұражайдың     М.Горький көшесі, 59 мекенжайдағы ғимаратында «Көктемгі көңіл-күй» атты облыстық дәстүрлі  көрме ашылды.

Көрмеге жыл сайын Өскемен, Семей, Зырян, Риддер қалаларының, Ново-Баженово, Күршім, Катонқарағай ауылдары мен облыстың басқа да елді мекендерінің қолөнершілері мен шеберлері белсенді түрде қатысып келеді.

Бірнеше жылдар қатарынан көрме жұмысына Семей қаласының дарынды ісмерлері атсалысып жүр, олар қазақтардың дәстүрлі бұйымдарын жасауды жаңғыртып қана қоймай, өздерінің білімдері мен жинақтаған тәжірибелерін жастарға үйретуден жалыққан емес, сөйтіп оларды халықтық қолөнерге баулуда.

Флоренциялық мозаика  ғажайып пейзаждар жасау кезінде қолданылған саналуан табиғи тастардың тамаша үйлесімдігімен келушілерді қызықтырады. Бұларды Зырян қаласының ЭНВИ тас қашау цехының шеберлері өз қолдарымен жасап шығарған.

Жаңа есімдер ашылуда! Шеберлер қатарын облыстық этнографиялық мұражай-қорығы мен ШҚО қолөнершілерінің ресурстық орталығы ұйымдастырған оқу тренингтеріне қатысқандар толықтыра түсуде. Осында тәжірибе алғандардың көпшілігі өз ісінің нағыз шеберіне айналуда. Оған дәлел – СҚӨ көктемгі көрмесінде назарға ұсынылған бұйымдар.

Сондай-ақ дарынды жастардың ағаш ою және оған өрнек салу, бізкестемен кестелеу, киіз басу, ши тоқу техникасында орындаған бұйымдарын да осы көрмеден көруге болады.

Фотосурет Алексей Мазницин

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …