Мұражай-қорықтың М.Горький көшесі 59, мекен жайда орналасқан гимаратында Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Гүлнар Бекбердинованың «Отанға деген сүйіспеншілікпен» атты көрмесі ашылды. Ол «Қазақстан казіргі заманғы суретшілердің туындыларында» деген мұражайлық жоба аясында ұйымдастырылып, қазақ хандығының 550 жылдығына арналған болатын.
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының бөлім меңгерушісі Гүлнар Бекбердинова шығармашылығының қазақ поэтикалық және мәдени дәстүрлерінен нәр алғаны байқалады. Қазақ тарихы, мәдениеті, қазіргі заман тақырыптарына арналған 60-тан астам туындылары - бұл кескіндемелік полотнолар, олардан өз еліне деген сүйіспеншіліктің иісі аңқиды, бұларда өзіне жақын адамдардың бет-әлпеттері, туған жер табиғаты, өз халқының тарихы көрініс тапқан.
Гүлнардың көптеген картиналарының басты элементі – кең жазиралы шексіз дала. Бұл Отанын берекелі мекен, жерұйық ретінде қабылдайтын ұлттық сана-сезім деген сөз. Суретші шығармашылығының әлеміне үңілген сайын еріксізден өзіңнің де шыққан тегіңді еске алып, өткеніңе бұрыласың, сөйте тұра болашаққа қарай бастайтын жолға түсесің.
Көрме 2015 жылғы 27 наурызға дейін жұмыс істейді. Келіңіздер, көріңіздер.
Фотосурет Алексей Мазницин
< Предыдущая | Следующая > |
---|