• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Балалық шақтан көзқарас. 2016

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаМузей-қорықтың «Алтай» галереясында Өскемен қаласындағы № 39 мектептің 8 сынып оқушысы  Дарья Баженованың фотожұмыстарының «Балалық шақ қайда кетеді?» атты тұңғыш дербес көрмесі ашылды.

Фотосуретпен Даша екі жыл бұрын шындап шұғылдана бастаған екен. Қарапайым «сабынсалғыштың» орнына «Никон» келіпті. Жасөспірім фотосуретшінің айтуынша бірінші кәсіби кинокамераны оған Оля әжесі сыйлаған екен. Ольга Прокопьевна мұны  немересінің сурет түсірумен қалай шұғылданып жүргеніне назар аударғаннан кейін жасапты.

 – Он бес жасар фотошебердің туындылары өзінің табиғилығымен және шынайы көркемдігімен көз тартады. Көрмеге барлығы 50-ге тарта еңбектер қойылған және оның әрқайсысының өз әлемі, бұл орайда балаларға тән емес терең мағыналы әлем бар. Камера объективі арқылы ол өзінің өмірге деген көзқарасын білдіреді. Балалар кейде ересектердің көзіне түсе бермейтін нәрсені байқайды, әрі дүниеге жаңаша қарауға итермелейді, – деп атап өтті тұсаукесерде музей-қорық директорының орынбасары Тамара Быкова.

Дашаның өмірде қандай жолды таңдайтыны әлі белгісіз, дегенмен қазірдің өзінде оның ерекше әрі нәзіксезімді жан екені анық, сондықтан да оның әлемге деген өзіндік көзқарасы байқалады.  8 сынып оқушысының  фотокартиналарынан – пейзаждар, портреттер, сондай-ақ күнделікті өмірімізден түсірілген фотосуреттер орын алған. Олардың көпшілігі адам тіршілігінің өткінші екендігін еске салу немесе бұрыннан белгілі дүниені жаңаша көрсету арқылы пәлсапалық ой тастайды.

Оңтайлы сәтті ұстап қалу – әр фотосуретшінің арманы, ал бұл әркімнің қолынан келе бермейді, тіпті сурет арқылы рухани көзқарас білдіре білу қасиетіне – азғантайлар ғана ие. Осылардың қатарына «Дуал», «Үй», «Қар», «Күн аталатын жұлдыз» атты еңбектерді жатқызуға болады. «Күту» атты туындысы жан тебірентеді.  Басты кейіпкер – ойыншық қонжық дәл бір адамдай, өзінің сүйікті иесін күтіп, терезеге мұңая қарап отыр.  Даша өзінің туындылары арқылы баршамызға басқа адамдарды түсіне білу керек, олардың сезімін құрметтеген жөн деген ой тастайтындай.

Вернисаждың ашылуына он бес жасар дебютант қыз жалғыз келмепті. «Қолдаушылар тобын» оның ата-аналары, екі сіңлісі мен отбасыларының достары құраған екен.

– Менің фотосуреттерге деген қызығушылығым папамнан дарыды! – деді Даша, өзінің жұмыстарын көруге шақырған кезде.   Отбасының үлкені Евгений Евгеньевич: «Сіздерге ұнайтын шығар деп үміттенем. Көрме ұйымдастырғандарыңыз үшін рахмет!» деп қысқа қайырды.

Бұл іске сондай-ақ Павлодардағы «Центр полиграфии»  ЖШС директоры, Қазақстандағы белгілі фотошебер Александр Пархоменко үлес қосты. Ол Дашаның  жұмыстарымен танысқан кезде Өскеменнен кейін Павлодарда көрме ұйымдастыруға ұсыныс жасады.

Тұңғыш дербес көрмесінің ашылу құрметіне жасөспірім дарын иесіне музей-қорық директоры Николай Зайцевтің атынан «Алғыс хат» тапсырылды.

 

Музей-қорықтың баспасөз қызметі

Фото Алексея Мазницина

Фото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея МазницинаФото Алексея Мазницина

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …