Музей-қорықта ресейлік суретші Владимир Анатольевич Черный кескіндемесінің және туындылары авторлық факсимилесінің көрмесі ашылды. Жерлесіміз, Павлодар қаласының тумасы Владимир Черный белгілі суретші Илья Глазуновтың шәкірті.
Көрменің ашылуында сөз сөйлеген Ресей Федерациясы Бас консулдығының Өскемендегі атташесі Андрей Ханов бұл көрменің - Қазақстан мен Ресей арасында орнаған тығыз мәдени байланыстың нақты көрінісі болып табылатынын атап өтті.
Он бір жасында Павлодардан Мәскеуге аттанған Владимир Черный – В.И.Суриков атындағы институт жанындағы көркемөнерлік мектепке түскен. Мектепті 1990 жылы бітіргеннен кейін ол қазіргі заманғы кескіндемешілердің жарқын өкілдерінің бірі Илья Глазунов құрған Ресей кескіндеме, мүсін және сәулетшілік Академиясы портрет шеберханасында оқуын жалғастырды. Владимир дипломдық жұмыс ретінде «Андрей Рублёв» картинасын жазды, оны емтихан комиссиясы «өте жақсы» деп бағалаған болатын. Ол 1997 жылдан бері академияда сабақ береді, аспирантура бітірді, қазірде Владимир Анатольевич – Ресей кескіндеме, мүсін және сәулетшілік Академиясы кескіндеме және академиялық сурет кафедрасының доценті, Ресей Суретшілер одағының мүшесі.
Владимир Черный ресейлік таңдаулы кескіндемешілердің бірі болып саналады, сондай-ақ реалистистік кескіндеме мектебінің өкілі деп танылады. Ресейдің, Қазақстанның және шетелдердің галереялары мен жеке коллекцияларында қойылған туындылары туралы өнертанушылар былай дейді: «Табиғат суретшіге бояу реңін барынша сезіну дарынын сыйлаған. Бұл фотосуреттің механикакалық түсі емес, ол терең мағыналы, толыққанды, бейнелі түс. Оның көзі ерекше сезімтал әрі түстің кең спектріне ие, мұның өзі қарапайым көздің көре бермейтінін көруге мүмкіндік береді». Суретшінің өзі шығармашылық «…табиғат пен өмірдің объектівті заңдарымен, олардың мәнерлілігі және сұлулығымен айқындалады. Бізді қоршаған табиғат пен тіршілік соншалықты бай әрі керемет, олар болса картина туындаған кезде шабыттың сарқылмас көзі болып табылады" деп санайды. Владимир Чёрныйдың пейзаждары осыған куә.
Суретші түрлі жанрларда еңбектенеді. Көрмеде, сондай-ақ ресей императоры II Николайдың, РФ президенті Владимир Путиннің, артист Александр Михайлов пен басқа да әйгілі адамдардың портреттері назарға ұсынылған. Экспозицияда натюрморттар, тарихи тақырыптарға жазылған картиналар да бар.
Суретші шығармашылығындағы бағыттардың бірі – православтық храмдар үшін діни полотнолар жазу болып табылады. 1990-ші жылдары ол Мәскеудегі қайта жаңғыртылған Құтқарушы Христос Храмындағы Александр Невский мен Николай Чудотворецке арналған бөлімдер үшін иконалар жазатын суретшілер тобына жетекшілік етті. Қасиетті князь Александр Невскийге арналған иконостас «Тайная вечеря» композициясы және он бір икона жасалды. Бұл туындыларды Храм жиһаздары жөніндегі Үйлестіру кеңесі ғана емес, сонымен қатар Бүкіл Ресейдің Аса Әулие Патриархы Екінші Алексий де жоғары бағалады, ол Владимир Чёрныйға «Отан алдында сіңірген еңбегі үшін» орденін тапсырды. Көрмеде «Тайная вечеряның», сондай-ақ «Құдайана сәбиімен», «Престолдағы Құтқарушы» және басқа иконалардың көшірмелері назарға ұсынылған.
Владимир Чёрный – сегізқырлы шебер. 2008-2009 жылдары ол басқа суретшілермен бірге Ресейдің Мемлекеттік академилық Үлкен театрының кеңестік кезде жоғалған салтанатты шымылдығын қайта жасап шығарды, онда «Азат етілген Мәскеуге Минин мен Пожарскийдің кіруі» деген көпфигуралы картина бейнеленген болатын. Бұл өте ауқымды кескіндемелік полотноның көлемі 17 х 21 метр. 2010 жылы В.Черный «алтын» деп аталатын ысырмалы негізгі шымылдық үшін эскиз жасады, ол Италияда тоқып шығарылды.
Суретші өзінің көрмелерімен басқа елдерге жиі шығып тұрады. Мүмкіндік болған кезде туған жеріне де келіп қайтады. Сұхбаттарының бірінде ол: «туған қаламға келген сайын ерекше күйде боламын», жерлерстеріммен әр кездескеніме қуанамын деген еді. Этнографиялық музей-қорықтағы оның картиналарының көрмесі осындай кездесуге айналды.
- Көркемөнерлік бағдарлар ауысқан заманда өнер саласында көптеген тәжірибелер пайда болады, Қазақстан Республикасының ұлы шеберлері ұстанған барлық дәстүрлер жоғары деңгейдегі, академиялық кескіндемеде сақталып қалды, - дейді музей директорының орынбасары Тамара Быкова. – Менің ойымша көрме көпшілік көрермендердің қызығушылығын туғызатын болады.
М. Горький көшесі, 59 мекенжайдағы көрме залында ресейлік кескіндемешінің 46 туындысы – түпнұсқалары мен авторлық факсимилелері назарға ұсынылған. Келушілерге кариналардың кішірейтілген көшірмелерін кәдесый ретінде сатып алуға болады. Көрме павлодарлық фотосуретші Александр Пархоменко мен Павлодар қаласындағы Славян ұлттық-мәдени орталығының көмегімен ұйымдастырылған.
Музей-қорықтың баспасөз қызметі
Фотосуреттер Сергея Суров пен Алексей Мазницындікі
< Предыдущая | Следующая > |
---|