2023 жылдың 7 наурызында сағат 15:00-де Қайсенов көш., 67 мекенжайындағы көрме залында 8 наурыз көктемгі мерекелер мен Наурыз мейрамы қарсаңында Шығыс Қазақстан шеберлерінің сәндік-қолданбалы өнері, бұйымдары мен кәдесыйларының облыстық дәстүрлі көрмесінің ашылуы өтті. Мерекелік шараны балдырған әнші, республикалық және халықаралық байқаулардың дипломаты Мейрхат Сұлтан көрмеге қатысушыларды музыкалық құттықтауымен ашты. ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафттық музей-қорықтың директоры А.В. Тен құттықтау сөз сөйледі. ШҚО «Қолөнершілер ресурстық орталығы» ҚБ басшысы, халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің меңгерушісі Р.Ч.Мұхамеджанова көрмеге қатысқан қолөнершілерді және алғаш рет қатысып отырған жас шеберлерді құттықтады. Қолөнершілер қатарында Семей қаласынан келген қонақ, ШҚО Ресурстық орталығы филиалының үйлестірушісі А.И.Боқпасарова болды, ол музей-қорық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ұзақ жылдар бойы Семей өңірінің қолөнершілері дәстүрлі көрмеге қатысқандарын және де қолөнер іс-шараларын ұйымдастыруға, сол арқылы Қазақстанның халық қолөнері мен өнеркәсібін сақтауға, дамытуға атсалысып, өз үлестерін қосатындарын айтты. Жас зергер-тас –өңдеу шебері Г.Сосновский «Сүйікті ісіңмен өмір жүз есе көркем» десе, бір сөзінде жас қолөнерші Ж.Тоқтархан «Қолмен жасалған іс – көңіл хошы» деп өз ойын жеткізді. Шара соңында жүргізушілер қонақтарды облыс шеберлерінің жұмыстарымен танысу үшін көрме залына шақырды. Көрме 2023 жылдың 15 сәуіріне дейін жалғасады.
< Предыдущая | Следующая > |
---|