• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер халықаралық Халықаралық көркемөнер-экологиялық жоба . 2013

Халықаралық көркемөнер-экологиялық жоба . 2013

«Мен қолымнан келгеннің бәрін істеп жүрмін»

Америкалық үндістердің көне аңызынан

Фото Алексея Мазницина Выставка «Экология. Музейный взгляд»Фото Алексея Мазницина Выставка «Экология. Музейный взгляд»

«Экология. Мұражай көзқарасы» көрмесі – Алтай өлкесі Мемлекеттік мұражайының «Орыс мұражайы. Виртуалды филиал» ақпараттық-білім беру орталығының Алтай өлкесінің халықаралық және өңіраралық байланыстарды қамтамасыз ету жөніндегі басқармасымен және «Природа Алтая» газетімен бірлесіп, Алтай өлкесінің мәдениет және мұрағат ісі жөніндегі басқармасының қолдауы арқылы бастамашылық жасап, жүзеге асырған үлкен халықаралық жобасының қорытынды кезеңі болып табылады.

Жобаға таяу және алыс шетелдердегі отандастардың  қоғамдық ұйымдары, «Орыс мұражайы. Виртуалды филиал» ақпараттық-білім беру орталықтарының қызметкерлері, көркемөнер мектептерінің оқушылары, фотосуретшілер қатысты.

«Экология – әрекет ету уақыты» – «Мен қолымнан келгеннің бәрін істеп жүрмін» – бұл  жобаның ұраны осындай. Бұл сөздер – америкалық үндістердің көне аңызынан алынған: «Бірде орманда өрт болды. Жануарлар өздерінің үйлерін оттың қалай  жалмап жатқанына үрейлене қарап тұрған болатын. Ал, кішкентай ғана құс – колибри болса, тұмсығымен бір-бір тамшыдан су ұрттап, өртті сөндіруге тырысты. Осыны көріп тұрған сауытты аң: «Ессіз! Сен осылайша отты жеңемін деп ойлайсың ба?» дейді. Сонда колибри «Жоқ. Мен қолымнан келгеннің бәрін істеп жүрмін» депті. Ал Алтай өлкесінің Көркемөнер мұражайы белсенді ұстанымды ұстана жүріп, көптеген елдердің енжарлық танытпайтын азаматтары үшін бейнелеу өнері арқылы пікір білдіре алатын қоғамдық алаңына айналуда.

Ресейлік және шетелдік авторлардың экспозицияда ұсынылған фотосуреттері экологиялық проблемаларға назар аудартып қана қоймай, осы көкейтесті проблемалардың шешімін табудағы жекелеген адамның не істей алатынының үлгілерін көрсете білуде. Мәселен, «Росинка» балалар клубының (Райнфельден қаласы, Германия) орыстілді тәрбиеленушілері «Теңізді қорға!» акциясына қатыса жүріп, Әлем мұхиты ластануының жалпыәлемдік проблемасына елдің назарын аудартуға тырысты. Орегон штатындағы (Портленд қаласы, АҚШ) Славян иммигранттары қауымдастығының мүшелері «Адамдарға арналған таза су» атты мектептік баспасөз-конференциясы туралы сыр шертті. Голуэй қаласындағы (Ирландия) орыстілді қауымның мүшелері ирланд орманын жойылудан қорғау бойынша өткізіліп жатқан акцияға қатысып жүр. Италияда, Англияда, Қырғызстанда, Қазақстанда тұратын отандастар Көркемөнер мұражайының жобасына ерекше қызығушылық танытуда. Біз Сібір өңіріндегі  «Эколог» шығармашылық бірлестігінің (Кемерово қаласы) мүшелерінен қолдау таптық.

Барнаулдық фотосуретшілер Алена Бацунованың, Дмитрий Харчиковтың, Дмитрий Семенякиннің, Инна Евтушевскаяның, Елена Панфилоның, Олеся Матюхинаның, Сергей Башлычевтің  2013 жылғы 14 мамырда өткен «Таза Обь» акциясынан түсіріп алған еңбектері экспозицияның елеулі бөлігін алып тұр.

Алтай өлкесінің табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау басқармасы, «Өз үйіңнен баста» қоғамдық қоғалысы мен «Природа Алтая» газеті ұйымдастырған қоқыстан тазарту жөніндегі экологиялық акциялары бес жылдан астам уақыт бойы үнемі өткізілуде. Биыл экологиялық десант халықаралық «Экология. Мұражай көзқарасы» жобасын іске асыру кезеңдерінің бірі болып табылды. Обь өзенінің оң жағасындағы жаңа автомобиль жолы маңындағы учаске – барнаулдықтардың сүйікті демалыс орны акция өткізілетін жерге айналды. Тазалық орнатуға 150-ден астам адам қатысты. Осынау дәстүрлі акцияға  өкілдіктері бойынша әртүрлі:  Алтай өлкесі Қоғамдық Палатасының, «Өз үйіңнен баста» қоғамдық қозғалысының мүшелері, Алтай ЖОО-ларының, кәсіби училищелердің студенттері, № 129 лицейінің оқушылары, «Газпром трансгаз» компаниясының (Томск) қызметкерлері, әкімшіліктердің өкілдері алғашқы рет қатысты, оларға Көркемөнер мұражайының қызметкерлері де қосылды.

Жобаның тұсаукесері 2013 жылғы 18 мамырда өткен болатын және де  Көркемөнер мұражайындағы «Мұражай түні-2013» акциясының негізгі іс-шарасына айналды.

Жоба Алтай өлкесінің «Шетелдердегі отандастарды қолдау және байланыстарды дамытудың 2012-2014 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында  жүзеге асыру іске асырылуда.

Фото Алексея Мазницина
Фото Алексея Мазницина Выставка «Экология. Музейный взгляд»Фото Алексея Мазницина Выставка «Экология. Музейный взгляд»Фото Алексея Мазницина Выставка «Экология. Музейный взгляд»Фото Алексея Мазницина Выставка «Экология. Музейный взгляд»Фото Алексея Мазницина Выставка «Экология. Музейный взгляд»Фото Алексея Мазницина Выставка «Экология. Музейный взгляд»Фото Алексея Мазницина Выставка «Экология. Музейный взгляд»

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …