12 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының Солжағалық кешеніндегі Үлкен павильонда тагил табақтары коллекциясынан «Кескіндеме кереметі. Тагил табағы» атты көрме ашылады.
Ірі өндіріс орталығы болып саналатын Нижний Тагил тұрғындары үш ғасырға таяу уақыттан бері темірді әшекейлеумен айналысып келеді. XVIII ғасырдың 40-шы жылдары дүниеге келіп, ХХІ жүзжылдықта белсенді дамып келе жатқан уралдық лакты әшекей өнері Ресейдің көркемсурет мәдениетін ерекше байыта түсті. Оларда жоғары кәсіби шеберлік, әдемілікке ұмтылу және халық кескіндемешілерінің нағыз дарыны танылды. Тагил табағы қатардағы тұрмыстық қолданыстағы дүниеден жүрекке жақын болып көрінетін көркем шығармаға айналды. Бүгінде Тагил табағы – Ресей тарихының, мәдениеті мен өнерінің жанды бөлігі.
Көрменің экспозицияларына металға лакты кескіндеме салатын шеберлердің 80 жұмысы еніп отыр. Олар: Сергей Веселков, Нэлли Кошкина, Елена Отмахова және Вера Полева. Өз туындыларын әртүрлі деңгейдегі көрмелерге шығаратын суретшілер сол шаралар барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, шеберлік кластарын да өткізеді. 2006 жылы «Квартет» атты топқа біріккен олар ғылыми-практикалық конференцияларға үзбей қатысып, халық шығармашылығының үздік жетістіктерін насихаттап жүреді. Кескіндемешілердің жұмыстары Ресеймен қатар, шетелдерде де баршылық.
Экспозициядағы әрбір табақ өзінше дара және қайталанбайды, ал авторының қолтаңбасы көпшілікке танымал. Бұған дейін ол табақтар шеберханаларда жасалатын және әлі де жасала бермек. Технология күн өткен сайын қарыштап дамығанымен, қазіргі кезде де қолмен жасалған шығармашылық еңбек қолөнердің негізі болып қалуда. Табақтардың қалыптары таңбалану әдісімен дайындалып, екі қайтара боялып, одан соң қара эмальмен боялады. Кептіріліп болған соң ол бұйым суретшінің қолына өтеді де, әшекейленген соң жақсылап лакталады. Ол жұмыстардың барлығы да жарқыраған түрімен және көрнекілігімен ерекшеленеді. Олар ерекше оптимизмге толы, сондықтан адамзат алдына күн нұрын молынан төккен көзтартарлық әлемді ұсынады. Тагил табағы дегеніміз ол – ерекше дәлдікпен көркемделген және кескіндемесі тұнық картинаға бай табақтар. Сол себептен де ол Ресейдің бүкіл даласы мен қаласына бірден тарап жатады. Ең тамашасы сол, көрмеге қойылған табақтарды ұнатқан адам сатып ала алады.
Экспозиция 12 мамыр күні сағат 15.00-де музей-қорықтың Солжағалық кешенінің Үлкен павильонында ашылады..
Музей-қорықтың баспасөз қызметі.
< Предыдущая | Следующая > |
---|