• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
көрмелер халықаралық Қытай. Дәстүр және қазіргі заман. 2000

Қытай. Дәстүр және қазіргі заман. 2000

Мұражайдың келермендері Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшілігі арқылы 2000 жылы Қытайдың сәндік-қолданбалы өнерінің тамаша шығармаларымен танысуға мүмкіндік алды. Бұл көрме Қытайдың тарихы мен мәдениеті туралы біздің түсінігімізді байытты, біздің мемлекеттердің жабық болуы салдарынан кеңес халқына белгісіз болған сәндік-қолданбалы өнер түрлерімен бізді таныстырды. Әдет-ғұрыптық ыдыстар, қоладан құйылған, дәстүрлі қытай мәнерінде түрлі-түсті балшықтан жасалған сәнді-құрақты металл керамика бұйымдар, бамбуктан өрілген заттар таң қалдырды. Қытайдың ішкі кескіндемесі деп аталатын шыныдан жасалған ыдыстардың қабырғаларындағы айшықты суреттер ұмытылмас әсер қалдырды, бұл аса жоғары өнер ретінде сипатталады және оның құпиясы белгісіз. Терең оймалармен безендірілген лажылы вазалар, сүйектен ойылған тор бұйымдар, сәдеп панно, бүгінде Қытайда кеңінен танымал көрме-конкурстардың, сондай-ақ қала саябақтарында өткізілетін жаңажылдық мереке күндерінің міндетті белгілері болып табылатын дәстүрлі фонарьлар (ағаш төрткілдештен төртқырлы немесе алтықырлы етіп жасалады), «таулар мен сулар», «гүлдер мен құстар» жанрларындағы суреттері бар қағаздар, жібек маталар, шынылар көздің жауын алды..

Көрме залдарының бірі келушілерді әдеттегідегіден тыс техникада – матаға айшықты сурет салу, яғни «батик» деп аталып кеткен техникада орындалған паннолармен таныстырды. Мұнда «айдаһар биі», «арыстандар биі» сюжеттері, пекин классикалық операсының бетперделері өте жиі кездесті.

Пікірлер кітабынан:

«Орыс пен қытай – мәңгі ағайынды», - деп біз бала кезімізде ән шырқайтынбыз. Саясатшылардың ауысуы... Сұрқай жылдар да болды... Осында, мұражай залдарында жаңа ғана көргендерім – менің бойымды жаулап алды. Ағаш, лажы, сәдеп – айналадағының барлығына жан біткендей. Қытайдың тынысын, иісін сезінесің, олардың жақын достық шеңберін көресің. Көз жанарыңды алып кете алмайсың... Адам қолдары қандай кереметтерді жасай алады десеңізші. Салагатаева Вера Дмитриевна».

Қытай елшілігінің көрмесін безендірумен қатар, мұражай қызметкерлері қордағы қытай сәндік-қолданбалы өнер коллекциясынан бұйымдар іріктеп, көрме дайындады, ол бөлек залға қойылған болатын (98 зат).

Көрмеге 16 мыңға таяу адам келді, 280 экскурсия өткізілді.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …