Кескіндемеші, график, РСФСР-дің Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Ресей Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Көркемөнер Академиясының толық академигі, Қазақстан суретшілері қауымдастығының мүшесі Амангелді Әбдірахманұлы Шәкеновтің (Омбы) дербес көрмесі.
60-тан астам кескіндемелік туындылар: натюрморттар, портреттер, пейзаждар ұсынылды.
Суретші Ресей жеріндегі қазақ ауылында дүниеге келген; тегі қазақ, сөйте тұра ол нағыз сібірлік болып табылады. Сондықтан да оның еңбектерінде екі тақырып: Қазақстан мен Ресей біте қайнасып кеткен.
< Предыдущая | Следующая > |
---|