2011 жылғы 4 ақпанда мұражай-қорық галереясында (М.Горький көшесі, 59) «Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» атты көрме
«Берта фон Зуттнер. Бейбітшілікке арналған өмір» атты көрмені Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы мен Қазақстан Республикасындағы Австрия елшілігінің қатысуы арқылы Австрияның сыртқы істер министрлігі ұйымдастырды.
Берта фон Зуттнер (1843-1914) – жазушы, шешен, бейбітшілік жолындағы бүкілдүниежүзілік қозғалыстың жетекші қайраткерлерінің бірі. Өз дәуіріндегі ықпалдарға қарамастан, ол тайсалмастан ұлттық фанатизмге қарсы шықты, соғыс өртін тұтандырушыларға, жеккөрушілікті үгіттеушілер мен антисемитизмге қарсы болды. Берта фон Зуттнер – Бейбітшілік сыйлығына алған тұңғыш лауреат-әйел. Тіпті өзінің досы әрі меценат Альфред Нобельге Нобель сыйлығының негізін қалауға қозғау салған адам.
«Қару жойылсын!» – Берта фон Зуттнердің әйгілі романының бұл атауы осы қайсар әйелдің бірмезгілде бағдарламасы әрі өмірінің ең маңызды мақсаты болып табылды.
Берта фон Зуттнердің идеялары бейбітшілікті сақтауға және бүкіл әлемде адам құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Өйткені, адамның құқықтары қорғалған жерде ғана баянды бейбітшілік пен қауіпсіздіктің болатыны сөзсіз.
< Предыдущая | Следующая > |
---|