Мұражай-қорық ғимаратында (М.Горький көшесі, 59) 15 маусымда түрік суретшісі Айтэн Мунганның «Дүниенің жаратылуы» атты көрмесі (эбру техникасындағы кескіндеме) ашылды, бұл оның Қазақстандағы алғашқы көрмесі. 43 туынды назарға ұсынылды. Картиналары оның рухани жолдары мен өмірге деген көзқарасын білдіреді, олар өзінің символдары арқылы бейнеленген. Суретші әйел сымбатын жиі қолданады, сөйтіп дүниенің жаратылысын адамдар мен бейнелердің өзгеруімен түсіндіреді.
Суретші Айтэн Мунган Түркияның Измир қаласында дүниеге келген, Буджак университетінің тарих факультетін тәмамдаған. Ол өзінің еңбектерін әлемнің әр түкпіріндегі 38 галереяда назарға ұсынған.
2005 жылы Айтэн Мунган Түркияның 66-шы Мемлекеттік картиналар және мүсіндер конкурсына қатысқаны үшін Грамотамен марапатталған.
< Предыдущая | Следующая > |
---|