«Ауған қасіреті. Кеңес Одағының соңғы соғысы. 1979-1989» атты тұрақты экспозицияның ашылуы 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына және Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуына 20 жыл толуына (2009 жылғы 15 ақпан) орай ұштастырылған.
Экспозиция Шығыс Қазақстан облысынан Ауғанстандағы соғысқа қатысқан ардагерлердің қоғамдық бірлестіктері, қаза тапқан жауынгерлер аналарының комитеті және жеке адамдары берген мемориалдық заттар, құжаттар және фотосуреттері негізінде дайындалды.
Келушілердің назарына ұсынылған материалдар «Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы» қоғамдық брлестігінің жетекшілері: төрағасы Сергей Александрович Денякин, оның орынбасары Олег Геннадьевич Фроловтың қатысуы мен кеңестері бойынша өңделген және мына бөлімдер бойынша ұсынылды:
I. Ауғанстандағы соғыс туралы жалпы сипаттағы мәліметтер: себептері, басталған және аяқталған уақыттары, соғыс хроникасы, кеңес әскерлері мен моджахедтер құрамалары банктерінің орналасқан жерлері белгіленген Ауғанстан картасы.
II. Ауғанстандағы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті құрамындағы 40-шы армияның қолбасшылары; Кеңес Одағының Батырлары – Қазақстанның интернационалист-жауынгерлері;
III. Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері;
IV. Интернационалист-жауынгерлер ие болған наградалар;
V. Қаза тапқан жауынгерлердің өмірімен байланысты мемориалдық заттар;
VI. Шығыс Қазақстан облысының Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қоғамдық бірлестіктерінің және қаза тапқан жауынгерлер аналары комитетінің қызметі.
Следующая > |
---|