• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
солжағалық кешен әскери кешен «Ауған қасіреті. Кеңес Одағының соңғы соғысы. 1979 – 1989» экспозициясы «Шығыс Қазақстан облыстық Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» қоғамдық бірлестігі («ШҚО АСАМО» ҚБ)

«Шығыс Қазақстан облыстық Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің одағы» қоғамдық бірлестігі («ШҚО АСАМО» ҚБ)

ШҚО Әділет департаментінде 2006 жылғы 24 ақпанда тіркелген.

«ШҚО АСАМО» ҚБ «Шығыс Қазақстан облысының Азаматтық одағы» ЗТБ мүшесі болып табылады.

2009 жылғы 9 қаңтарда Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылуының 20 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысының Ауғанстандағы соғыс ардагерлері қоғамдық бірлестіктерінің М.Самылтыровтың басқаруындағы Үйлестіруші кеңесі құрылған болатын.

Ұйым қызметі қаза тапқан жауынгерлерді мәңгі есте сақтау; қаза тапқан жауынгерлердің, соғыс мүгедектері мен ардагерлерінің отбасыларына қатысты құқықтарды мемлекеттік және халықаралық бағдарламаларға сәйкес қорғау және оларға көмек көрсету; жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында жүзеге асырылады.

Алға қойған мақсаттарға сәйкес «ШҚО АСАМО» ҚБ мынадай мәселелерді шешеді:

- облыстың қалалары мен ауылдарында ардагерлер ұйымдарын құру және ықпал ету; оларды Одақ қатарына қабылдау; облыстың ардагер-ауғандықтарын бірыңғай аймақтық құрылымға біріктіру;

- ардагер-ауғандықтардың тізімдерін жыл сайын жаңғырту; тұрмыстары төмен отбасыларын анықтау;

- қайтыс болған ардагерлерді есепке алып отыру және олардың отбасыларының әлеуметтік жағдайын анықтау;

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және ардагерлер ұйымдарымен өзара қарым-қатынас жасау;

- аудандық және қалалық конференциялар, ардагер-ауғандықтардың жоғары сынып оқушыларымен кездесулерін өткізу.

Төрағасы – Мұхаметәли Айтбекұлы Самылтыров.

Кеңес мүшелері:

- Қайрат Маратұлы Мусин – бірінші орынбасар, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері, запастағы капитан;

- Қайрат Жолдыбекұлы Байбосынов – орынбасар;

- Игорь Анатольевич Новолодский – орынбасар, ҚР Ауғанстандағы соғыс және жергілікті соғыстар ардагерлері Одағының Шығыс Қазақстан облысы филиалының директоры, полиция капитаны;

- Петр Евгеньевич Рытов – Қызыл Жұлдыз орденінің екі мәрте иегері, ҚМ зейнеткері, полковник;

- Құмарбек Төпелекұлы Төпелеков – «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен наградталған, ІІМ зейнеткері, полиция подполковнигі;

- Сергей Алексеевич Иванов – Қызыл Жұлдыз орденінің иегері, ҚМ зейнеткері, полковник;

- Мұхтар Құмарбекұлы Мәжитаев – ІІМ зейнеткері, полиция майоры;

- Қайрат Зәйкенұлы Мәреуов – «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалымен наградталған, майор;

- Владимир Анатольевич Рыжков – запастағы капитан;

- Юрий Сергеевич Лачков – төраға орынбасары (?);

- Махамбет Ашанұлы Имашпаев – запастағы капитан;

- Дархан Қамбарұлы Уәзіров.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …