Экспозиция ШҚО-ның чернобыльші-жоюшыларына арналған.
Ертіс құрылыс басқармасы (ИУС), «Промсантехмонтаж» және «Промэлектромонтаж» басқармалары, Үлбі металлургия зауыты (ҮМЗ), басқа да кәсіпорындар мен «Чернобыль» ерікті қоғамы» бірлестігі чернобыльшілерінің сыйлықтары негізінде қалыптастырылды.
Экспозицияға Чернобыль апаты және ШҚО жоюшылары туралы мәтіндік материалдар, карталар, фотосуреттердің репродукциялары және чернобыльші-жоюшылардың мемориалдық заттары енді. Арнайы бөлім КСРО орта машина жасау министрі Ефим Павлович Славскийге арналды, ол апат салдарын жоюшылар штабын басқарған еді, ұзақ жылдар бойы ШҚО атынан КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған.
Ертіс құрылыс басқармасының бұрынғы қызметкерлері Владимир Георгиевич Плохих, Александр Алексеевич Объедков және «Промсантехмонтаж» басқармасынан – Петр Иванович Попов экспозиция әзірлеу кезінде үлкен көмек көрсетті.
Следующая > |
---|