• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
солжағалық кешен әскери кешен «Өмір үшін өлімнен қаймықпағандарға» экспозициясы «Өмір үшін өлімнен қаймықпағандарға» экспозициясы

2005 жылғы 8 мамырда Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық мұражайда (Жамбыл атындағы саябақ) «Өмір үшін өлімнен қаймықпағандарға...» атты тұрақты экспозиция ашылды, ол Ұлы Отан соғысы жылдары ұрыс алаңдарында шайқасқан жерлестеріміз – шығысқазақстандықтар туралы сыр шертеді. Көрме Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Шығыс қазақстан облысы Мемлекеттік мұрағатының, Семей қаласындағы Қазіргі заман тарихының құжаттары орталығының, облыс тарихи-өлкетану мұражайларының, Өскемен қаласындағы № 5518 әскери бөлімі мен облыстық ардагерлер Кеңесінің белсенді көмегі және қолдауымен ұйымдастырылған.





Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады; ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке және ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитетінің 1934 жылғы 16 сәуірдегі қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батырына КСРО-ның жоғары наградасы – Ленин ордені мен ерекшеліктің айырықша белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылдың тамыз айындағы Жарлығымен белгіленген “Алтын жұлдыз” медалі тапсырылған. Медаль алтыннан бесбұрышты жұлдыз үлгісінде құйылған, сырт жағында “КСРО Батыры” деген жазуы бар.

Ұлы Отан соғысы жылдарында шайқастарда көрсеткен ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағы 10 мыңнан астам адамға берілген. Қазақстанның 500-ге таяу сарбазы мен сардары осындай жоғары атаққа ие болған, олардың 109-ы біздің жерлестеріміз – шығысқазақстандықтар. Экспозициямен жұмыс істеу үстінде Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік мұрағатының, Семей қаласындағы Қазіргі заман тарихы құжаттары орталығының, Облыстық ардагерлер кеңесінің, Өскемен қаласындағы № 5518 әскери бөлімнің материалдары пайдаланылды.

Отбасылық мұрағаттардан алынған фотосуреттер, марапаттау парақтарынан жасалған көшірмелер, майдандық және аудандық газеттердің жарияланымдары, майданнан келген хаттар, наградалар, әскери қару-жарақ заттары көрме жасау кезінде негізгі материалдар ретінде қызмет

Кеңес Одағының Батырлары – шығысқазақстандықтардың қысқаша өмірбаяндық анықтамалары мен жауынгерлік ерлігі туралы жазбалар бар фотосуреттер экспозицияның орталық тұсын алып тұр; олар туған, оқыған, Кеңес Армиясы қатарына шақырылған жерлері, немесе әскер қатарынан босағаннан кейін Шығыс Қазақстанда тұрғандықтары бойынша іріктелді. Барлық мәліметтер Ұлы Отан соғысы кезіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша берілді. Батырлар туралы материалдар экспозицияда алфавиттік ретпен орналастырылған.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …