Сайтта этнографиялық мұражай қорының құрамы жағынан облыстағы ең бай әрі алуантүрлі икондар жинамасының тек аз бөлігі ғана ұсынылып отыр.
Орыстардың православиелік иконы византиялық икона кескіндеудің таңдаулы дәстүрлерін мұра етіп алған. 500 жылдан астам уақыт ішінде ол әлемдік мәдениетке жоғары өнердің көркемдік жағынав жетілдірілген және руханилығы жағынан терең болып келетін үлгілерін берді.
Мұражай жинағындағы ХҮІІІ ғасырдың «Әулие апостол Петр» иконы - қағидалық иконаның классикалық үлгісі болып табылады. Оның кемесі бар (иконаның ортасындағы арнайы ойық). Әулиенің тәнсіз фигурасы алтын тұста кескінделген, мұның өзі сенімі үшін азапталғанын айғақтайды. Ал «Христостың тірілуі» иконы болса кескіндемесінің әсемдігі жағынан одан кем түспейді.
Орыс православиесінің шіркеуінде ерекше қастерленетін Владимирлік, Қазандық және Феодордың Құдайанасы икондарының сібірлік көшірмелері Гликофилуса (Тәтті өбу) және Одигитрия (Жолбасшы әйел) композицияларының византиялық үлгілеріне жатады. Ежелгі аңыз олардың барлығын апостол Луканың қылқаламына жатқызады.
Солардың ішінде бояуларының кеткеніне қарамастан Феодордың Құдайанасы бояулары мен суреттерінің ғажаптылығымен, Мария қыздың келбетінің жарқындығымен және тақуалылығымен өзіне тартады.
Православ адамның діндарлық өмірін «Николай Чудотворец» иконынсыз көз алдыға келтіру мүмкін емес, ол шығысславян жерлеріндегі ең пір тұтылатын әулие..
«Табытқа салу», «Құдайана Рождествосы», «Борис пен Глеб», «Георгийдің айдаһарды ғажап жеңуі», «Әулие рухтың апостолдарға түсуі» мен «Шілде Минеясы» атты шағын икондардың нәзік миниатюралық техникасы ұмытпастай әсер қалдырады.
«Святитель Николай Мирликиский» (Можайский), «Әулие Иоанн Златоуст үнсіздікте» атты храмдық икондарды изограф кескіндеген, ол , сөз жоқ, мінсіз реңші және композиция шебері болған.
«Архангел Михаил» мен «Құдайана жамылғысы» хоругві мұражай мақтанышына айналды, оның бояуы айрықша көңілді, ал композициясы – салтанатты болып келген.
«Кирик пен Улита» иконы да сібірлік үлгіге жатады, ондағы әулиелер ағаш шеген бар және деревняның шеті көрініп тұрған орман алаңқайының тұсында аңғал реалистік мәнерде бейнеленген.
Православтық иконаға қараған кезде көрерменнің мынаны білген жөн, икона картина емес, литургиялық жора бұйымы болып табылады. Оның керемет әсемдігін түсіну үшін храмның қасиеттеуі керек және тірі жарық қажет.
Иконаның құрылысында бәрі қатаң белгіленген. Мәселен иконаның среднигі (ортасы) Аспан патшалығы, оны қоршаған дала – Тылсым аспанның белгісі. Иконаның шетін жиектейтін түрлі-түсті сызықтардың сырт жағында біздің күнәлі әлем басталады.
© Пётр Сушко
< Предыдущая | Следующая > |
---|