• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
виртуалды 3d-тур Неміс қоныс-үйіне виртуалды тур

Неміс қоныс-үйіне виртуалды тур

Музей-қорық 2017 жылдан бастап т.ғ.к. Юлия Подопригораның басшылығымен жұмыс істейтін экспедицияның жұмыс тобымен бірге Қазақстан немістерінің Виртуалды музейін құрумен айналысты. Ол Германия Федералдық үкіметінің қолдауымен «Возрождение» атты «Қазақстан  немістері бірлестігі» қоғамдық қорының көмегімен дүниеге келген болатын. Осыған байланысты қор бөлімінің қызметкерлері мен Б.М. Құмарова неміс этнографиясының қор заттарын Қазақстан немістері музейлік топтамасы каталогының тізіліміне енгізу мақсатындағы іріктеу жұмысына  қатысқан-ды. Б.М. Құмарова бұдан кейін де музейлік топтамалардың аталған каталогын жүйелендіруге қатысты.

BKDR / БКДР

Ресейден келген немістердің бавариялық мәдени орталығы Нюрнбергте Ресейден келген немістер үшін кездесу орны және түрлі іс-шаралар өтетін орын ретінде жұмыс істейді. Орталық шығармашылық қызметкерлер мен ғалымдарға кеңес береді және қолдау көрсетеді, жарияланымдардың, дыбыстық, аудио және бейне жазбалардың және т.б. көмегі арқылы тарихты құжаттайды және сақтайды. Сонымен қатар, BCDR өзін Ресейден келген немістердің барлық басқа азаматтармен диалог орнататын орны деп санайды.

Қазіргі уақытта бұрынғы Кеңес Одағы елдерінен Германия Федеративтік Республикасына 2 миллионнан 4 миллионға дейін ресейлік неміс көшіп келді. Олардың дені бар-жоғы бірер айдан кейін-ақ неміс азаматтығын алады. Алайда, интеграцияға көп уақыт кетеді. 2019 жылы құрылған BCDR де нақ  осы мақсатқа қызмет етеді. Орталықтың мақсаты иммигранттардың төл мәдениетті сақтауы мен бірігуіне ықпал ету және Баварияда тіршілік етіп жатқан  450 мыңға тарта адамнан тұратын орыс-неміс қауымдастығының мүдделерін білдіру болып табылады.

Неміс қоныс-үйіне виртуалды тур.

http://www.bkdr.de/VRundgang/Ust-Kamenogorsk/

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …