28 желтоқсанда Самал саябағында және Солжағалық кешен аумағында қысқы маусымның салтанатты ашылуы өтті. Негізінен қала тұрғындары мен қонақтары мұзайдындары мен мұз төбешіктерінің ашылуына шақырылды. Самал саябағында шаңғы жолы да жасалған.
Қала әкімі Жақсылық Омар қатысқан қысқы маусымның ашылуы бойынша негізгі салтанаттар Солжағалық кешенде өтті. Мұзайдынында «Звездный» мәнерлеп сырғанау клубының мәнерлеп сырғанаушылары Маргарита Мирошниченко мен София Мұхамедкаирова өнер көрсетті. Музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкері Жанбота Шерікбайдың орындауында жерлес ақын Қалқаман Сариннің поэтикалық шығармалары шырқалды. Ал орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев пен бөлім қызметкері Марина Солонец Аяз Ата мен Ақшақардың рөлдерінде атқа жегілген күймемен келіп барлық келушілердің алдында керемет өнер көрсетті. Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскері Ольга Савельеваның қатысуымен балаларға арналған ойын бағдарламасы да салтанатты түрде өтті. Ол үнемі өз бейнелерімен айналасындағыларды қуантады. Бұл жолы Ольга Михайловна күлкілі гном бейнесінде болды.