Халықаралық музейлер күнін мерекелеу аясында 2021 жылдың 18 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығында «Музейлер – мәдениеттер арасындағы көпір» акциясы өткізілді. Акция «Ұмай – бабалар мұрасы» онлайн режиміндегі дөңгелек үстелден басталды. Дөңгелек үстел отырысына Қазақстанның түрлі қалаларынан келген мамандар, шетелдік қонақтар, суретшілер қатысты. Көрермендердің жалпы саны 30-дан астам адамды құрады. Музей-қорықтан акцияны директордың көрме жұмысы жөніндегі орынбасары Евгения Рахматулина мен өнертанушы Тамара Быкова өткізді.