No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':2010-10-25-05-34-15' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 132:2010-10-25-05-34-15
қордан :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары қордан


Абай мен Пушкин. Мәдениеттер диалогы.

Абай мен Пушкин – қазақ және орыс ұлттық рухының шоғырланған көрінісі. Сонымен қатар уақыт осынау бір поэтикалық және философиялық ерекше құбылыстың ғаламдық сипатқа ие екендігін көрсетті. Пушкин «адамдардың жүректерін сөзбен жандырды», Ал Абайда бұл ретте «Сөз патшасы» билік етті.

Девятов. Абай Құнанбаевтың Жидебай көрінісінің тұсындағы портреті, кенеп, майлы бояу. 1954 жыл

«Абай мен Пушкин. Мәдениеттер диалогы» көрмесінде Абайдың өлеңдері, Қара сөздері, абайтанушылық әдебиет, Девятовтың, З.Назыровтың, Э.Чубуктың картиналары, Ю.Хабаровтың акварельдік туындыларының көшірмелері, Абайдың туған жерінің, ұлы ойшыл достарының, серіктестерінің фотосуреттері мен иллюстрацияларының көшірмелері мен исламға байланысты заттар назарға ұсынылған. Шығыс Қазақстандағы көрнекті абайтанушыларға, белгілі орыс және шетел авторларының Абай аударған шығармаларына арналған бөлімдер бар.

Абайдың А.С.Пушкин шығармашылығына көп назар аударуына байланысты орыс әдебиеті классигінің өмірі мен шығармалары туралы сыр шертетін көрнектер жайғастырылған.

Мұхтар Әуезов (1897 – 1961) – жазушы, көпұлтты әдебиет классигі, ғалым, Қазақ КСР ҒА академигі (1946), филологиялық ғылымдар докторы, профессор (1957), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957), Лениндік сыйлықтың (1959), КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1949) лауреаты.

Семей облысының тумасы. Семей қаласындағы мұғалімдік семинарияны (1919), Ленинград университетін (1928), Ташкент қаласындағы орта Азия университеті шығыстану факультетінің жанындағы аспирантураны (1930) тәмамдаған. Әуезовтың шығармашылығы қазақ драматургиясының, сахналық өнерінің дамуында айрықша роль атқарды. «Абай жолы» атты әлеуметтік-тарихи роман-эпопея Әуезов шығармашылығының шыңы болып табылады. Роман әлем халықтарының 30 тіліне аударылып, «Библиотека мировой литературы» сериясында жарық көрді (М., 1971 ж.). Әуезов – қазақ әдебиеттануындағы жаңа сала – абайтанудың негізін қалаушы, қазақ әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына орыс рухани мәдениетінің және Шығыс әдебиетінің жасаған ықпалдарын зерттеуші. Ленин орденімен, басқа да орден және медальдармен наградталған.

Қайым Мұхамедханов (1916 – 2004) – ғалым, абайтанушы, ұстаз, профессор, жазушы, драматург, ақын, аудармашы. Қазақ КСР-і Елұраны мәтінінің авторы (музыкасы М.Төлебаевтікі), (1945 ж.). 1940 жылдан бастап КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Семейдегі Абай мұражайын құрушы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Абай Халықаралық Академиясы (Лондон) Алтын Медалінің иегері. Қазақстан Жазушылар одағы Халықаралық Абай сыйлығының бірінші лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының »Алаш» халықаралық әдеби сыйлығы № 1  медалінің иегері. Қайым Мұхамедхановтың есімі республикада абайтанудың негізін қалаушылардың бірі ретінде белгілі. Ғылыми-зерттеушілік қызметінің алғашқы күндерінен бастап ол Абай туралы, Абай кезіндегі ақындар туралы материалдарды шым-шымдап жинады. 1951 жылы «Абайдың әдеби мектебі» тақырыбындағы кандидаттық диссертацияны ойдағыдай қорғады, «Абай төңірегіндегі ақындар», «Абай шығармаларының мәтіндері» атты монографиялары, көптеген ғылыми мақалалары ұлы Абай өмірі мен шығармашылығын, оның шәкірттері мен ізбасарларын зерттеу саласына қосқан қомақты үлес болып табылады.

Роллан Сейсенбаев 1956 жылы 11 қазанда Семей қаласында дүниеге келген. Семей инженерлік-технологиялық институтын, М.Горький атындағы Әдеби институт жанындағы Жоғары әдеби курсты тәмамдаған. 1975 жылы жазушы Г.Марковтың шақыруымен Мәскеуге қоныс аударды. 1999 жылдың желтоқсан айында Семейде Р.Сейсенбаевтың қатысуымен Абайдың Халықаралық клубы ашылды. Ол «Аманат» әдеби альманахын шығара бастады. «Абай және ХХІ ғасыр» Халықаралық клубының президенті болып табылады, Колумбия университеті сыйлығының лауреаты, Жазушылар одағының мүшесі, Бүкіл дүниежүзілік өнер және мәдениет академиясының академигі.

2006 жылдың қазан айында Р.Сейсенбаев «Польша алдында сіңірген еңбегі үшін орден» офицерлік кресімен наградталды. Бұл Польшаның жоғары наградаларының бірі, оны ел Президенті жыл сайын басқа елдердің ең лайықты азаматтарына береді. Қазақстанда поляк әдебиетін шығарғаны үшін Роллан Сейсенбаев осы жоғары наградаға ие болды. Сейсенбаевтың «Егер өмір сүргің келсе», «Сайтанның тағы», «Адасқан айқай» атты шығармаларын оның талантына бас иетін миллиондаған оқырмандар оқыды, олар планетамыздың түкпір түкпірлерінде тұрады. Жазушының кітаптары әлемнің түрлі тілдеріне аударылды.

 

Тағдырға айналған ән. 2008

2008 жылғы 3 желтоқсанда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша орналасқан залында «Тағдырға айналған ән» атты көрме ашылды, ол КСРО халық артисі, ресей және  әзірбайжан әншісі Муслим Магомедович Магомаевты еске алуға арналды.

Көрменің мақсаты М.Магомаевтың санқырлы шығармашылығы мен өміріндегі ең елеулі оқиғаларды көрсету болып табылды. Осыған орай бүкіл материал: «Баку. Отбасы. Балалық шағы», «Триумф», «Достардың тамаша қасиеттері», «Кино», «Музыка», «Кескіндеме», «Әдебиет», «Сайт» деген бөлімдерге бөліп ұсынылды.

Экспозицияны көптеген түрлі-түсті және ақ-қара фотосуреттер, әншінің қолтаңбалары (ксерокөшірмелер мен түпнұсқалары), М.Магомаевтың әндері жазылған табақтар мен DVD-дискілер және ол туралы фильмдер, концерттерінің бағдарламалары, оның кескіндемелік туындыларының фотосуреттері, сайт бойынша хатжазысулар, оның сайтта қалдырған соңғы хабары, ол жазған кітаптар («Махаббатым менің әуен», «Менің санамдағы естеліктер», «Ұлы Ланцо»), әншімен жүргізілген сұхбаттардың жарияланымдары құрады. Сонымен қатар экспозицияға әнші қатысқан фильмдердің тізімі, оның гастрольдерінің географиясы, әншінің өз репертуарындағы 20 таңдаулы әннің өзі жасаған тізімі, М.Магомаевқа берілген үкімет наградалары мен атақтары енді.

Көрмеге жәдігерлер алынған бірқатар көздер: мұражай-қорықтың қоры, О.М.Тарлыкова мен О.В.Анисимованың жеке мұрағаттары. Қаламыздың тұрғыны, Ақпараттық қолдау қорының кеңесшісі А.Г.Самойлов аса қызық жәдігерлер берді, ол көптеген жылдар бойы әншімен оның дербес сайты арқылы араласыпты, оны М.Магомаев Мәскеуге өзінің 65 жылдық мерейтойына басқа «сайттық» достарымен бірге шақырған көрінеді.

Әншінің өмірбаяндық кітаптарынан алынған үзінділер бүкіл экспозицияға ілестіріліп отырды, бұл оның өзі тікелей қатысып отырғандай әсер етті. Экспозицияға барлығы 119 жәдігер: 71 фотосурет пен 48 зат қойылды.

Экспозиция жұмыс істеп тұрған кезде М.М.Магомаевтың орындауындағы классикалық шығармалар, орыс романстары, эстрадалық және неаполитандық әндер беріліп тұрды, оның концерттік репертуарында 600-ден астам шығармалар болған екен.


М.А.Алейникова

 

Әркімнің жүрегінде өз Отаны бар. 2008

Әркімнің жүрегінде өз Отаны бар. 2008 ж.

Жазушы жерлесіміз А.С.Ивановтың 80-жылдық мерейтойына арналған.

 

Өткеннен өнеге. 2007, 2008-2009

“Өткеннен өнеге”. 2007, 2008-2009 жылдар., мұражай-қорықтың М.Горький көшесі, 59 бойынша ғимараты.

Көрме 2004-2006 жылдарға арналған Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Ол келушілерді мұражай-қорықтың қорына соңғы жылдары түскен жәдігерлермен таныстырды. Жәдігерлер ШҚО-ның Жарма, Аягөз, Үржар, Зайсан, Катонқарағай  аудандарына, сондай-ақ Монғолияның Баян-Өлгий аймағына жасалған экспедициялар барысында жиналған болатын.

Көрмеге қазақтардың ХІХ-ХХІ ғасырлардағы халықтық қолданбалы өнерінің іс жүзінде барлық түрлері: тығыз кесте және Шығыста ежелден қолданылатын бізкесте техникасында кестеленген бұйымдар, ыдыс-аяқтың қызықты үлгілері, сандықтар мен жүкаяқтар, зергерлік әшекейлер қойылды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі (Астана қаласы) 2007 жылдың ақпан айында мұражай-қорыққа 2 789 бұйым берді. Олардың қатарында көрмеге қойылған көне ертоқымдар, ат әбзелдері, торсықтар, ХҮІІІ ғасыр сауыты бар.

Халық ісмерлерінің өзіндік өнері бояуларының сантүрлі реңктерімен және асқан шеберліктерімен таң қалдырады. Назарға ұсынылған көрме ұлттық қолданбалы өнер қырларын жан-жақты ашады, осылайша дәстүрлердің сабақтастығын және халықтық өнердің сарқылмайтындығын паш еткендей.

 

Сыйлықтар мен сыйлаушылар. 2007

«Сыйлықтар мен сыйлаушылар». 2007 жыл, мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша ғимараты.

Көрме мұражай-қорықтың «Құрметті Алтын кітабына» есімдері жазылған мұражай меценаттары мен достарына арналды, солардың арқасында мұражай қоры толыға түскен болатын.

 

Мұхтар Әуезов. Өмірі мен шығармашылығы. 1897 – 1961 жж. 2007

Мұхтар Әуезов. Өмірі мен шығармашылығы. 1897 – 1961 жж. 2007 жыл.

Көрме Жазушының туғанына 110 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

 

Менің үйім пасхалық аспанмен қасиеттелген. 2006

«Менің үйім пасхалық аспанмен қасиеттелген». 2006 жылғы 18 сәуірде мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша орналасқан залында католиктік пасхаға арналды. Көрмені мұражай-қорықтың ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптарының этнографиясы бөлімінің қызметкерлері ШҚО халықтары ассамблеясының поляк мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.


Экспозицияда қор коллекциясынан алынған католицизм бойынша құлшылық заттары, айшықты суреттері бар жұмыртқалардан тұратын пасхалық композиция, ХХ ғасыр басындағы пошталық ашықхаттар мен басқа да бірегей бұйымдар назарға ұсынылды. Европалық мәнерде безендірілген «Пасхалық ағаш» композициясы экспозицияға ерекше сән берді. Поляк мәдени орталығы жанындағы оқытушы Т.В.Хомич басқаратын «Акварелька» балалар изостудиясы мүшелерінің мереке құрметіне арнайы орындаған еңбектеріне келермендер қызығушылық танытып, эстетикалық ләззат алды.

Көрменің ашылуына «Үміт» балалар үйінің жетім балалары, Рим католиктік шіркеуінің өкілдері шақырылды, олар библиялық сюжеттегі иллюстрацияларды көрсете отырып, Христостың қайта тірілуін католиктердің мерекелеуі жайында түсінікті тілмен айтып берді. Серафим әкей мен монахинялар католиктік храм жиһазы атрибуттарының және жанып тұрған шырақтардың жанында діни әндер орындап, шараға қатысқан барлық балаларға символикалық сыйлықтар таратты. Мерекеде Пасха туралы өлеңдер оқылып, пасхалық мистерия ойналды. Мерекеге қатысушылар кеш соңында мерекелік дәмнен ауыз тиді.

 

Шыр айналған өмір. 2006

2006 жылғы 8 желтоқсанда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша орналасқан ғимаратында Шығыс Қазақстан поляктарына арналған «Шыр айналған өмір» атты көрме ашылды. Көрме Қазақстанға поляктардың жер аударылғанына 70 жыл толуына орайластырылып, Шығыс Қазақстан халықтары ассамблеясының Достық үйіндегі Поляк мәдени орталығымен бірге ұйымдастырылды.

Экспозицияға мұрағаттық құжаттар, кәртішкелер, төлқұжаттар, тууы және шоқындырылуы туралы куәліктер қойылған, оларды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ШҚО бойынша басқармасы ілтипатпен ұсынған болатын. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданы Жұмба және Ретивый кеніштеріне ХХ ғасырдың 40-шы жылдары жер аударылған жер иеленуші-поляктардың фотосуреттері, жеке заттары бар.

Дарынды суретші-сәулетші Франц Феликсович Иванчуктің (1892-1975) сурет және майлы бояу кескіндемесі техникасында орындалған еңбектері үлкен қызығушылық тудырғаны сөзсіз. 1936 жылы қуғынға ұшырап, Мәскеуден ШҚО-ның Лениногор қаласына жер аударылған ол сол жерде алғашқы изостудия ұйымдастырып, тамаша суретшілердің талай ұрпақтарын түлетіп ұшырды.

Көрмеде Риддерден шыққан әуесқой суретші – Марина Францевна Петрачкованың туындылары ерекше орын алды. 1990 жылдан бастап ол изостудияның тұрақты жетекшісі, сақтаушысы және өзінің әкесі Ф.Ф.Иванчуктің ісін жалғастырушы болып табылады. М.Ф.Петрачкова -  тамаша суретші, пейзаж бен натюрморт шебері, график және акварельші.

“Шыр айналған өмір” көрмесі Шығыс Қазақстан поляктарының ХІХ ғасыр соңынан бастап осы күнге дейінгі тағдыры туралы сыр шертеді.

М.М.Резонтова





 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Ана мен Сұлулық күніне. 2006

2006 жылғы 13 сәуірде облыстық этнографиялық мұражай-қорықта (Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы зал) Армения Республикасының мемлекеттік мерекесі – Армения Президентінің 1991 жылғы Жарлығымен  бекітілген Ана мен Сұлулық күніне арналған көрме ашылды. 7 сәуір кездейсоқ таңдалған күн емес, армян шіркеулік күнтізбесі бойынша дәл осы күні Құдай барлық адамдарды Құтқарушы – Құдай ұлы Иисус Христосты дүниеге әкелетіні туралы Мария Қызға қуанышты хабар жеткізу үшін Гавриил архангелді (армянша Хрештак Апет) жіберген екен. Ертеден бері бұл мереке христиандықта Благовещение («жағымды, қуанышты хабар» дегенді білдіреді) деп аталады және 7 сәуір шіркеуде салтанатты қызмет етумен атап өтіледі. Оны Армян Апостол шіркеуі де мерекелейді. Соңғы жылдары католикостың (Армян шіркеуінің Жоғарғы Патриархы) жарлығы бойынша бұл күн Ананы қошеметтеу күні деп жарияланды. Нәрестелі болатын әйелдерге Арменияның барлық христиандық храмдарында 7 сәуір күні бата беріледі.


1991 жылы Армения Тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін жаңа өкімет кеңестік заманмен байланыстының барлығын тарих қоқысына тастау керек деп есептегендіктен 8 наурыз мерекесін «коммунистік режим мұрасы» ретінде алып тастап, 7 сәуірді (христиандық Благовещение мерекесі) Ана мен сұлулық күні деп жариялады. Бірақ көп жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша адамзаттың нәзік бөлігіне Арменияда тек осы күні ғана емес, 8 Наурызда да қошемет көрсеткен. Ал 2000 жылдан бастап Халықаралық әйелдер күні мемлекеттік атаулы күндер тізбесіне тағы да енгізілді. Осылайша әйелдерді Арменияда екі рет – 8 наурызда және 7 сәуірде құттықтайды. Армян ерлері: «Біздің махаббатымызың жомарттығы мен кереметтігі сондай, біз өзіміздің сүйіктілерімізді бір ай бойы – 8 наурыздан 7 сәуірге дейін құттықтаймыз» деп қалжыңдайды екен

7 сәуірде атап өтілетін мерекенің негізіне ана мейірімі идеясы қаланған. Жер бетінде сәбилі болатын әйелден сұлу ештеңе жоқ деп саналады Арменияда ерте заманнан. Сондықтан да армяндардың санасында ұлы да терең екі түсінік – Ана мен Сұлулық біріккен.

Осы мерекеге арналған көрме ішінара мұражай коллекциясынан қалыптастырылған болатын. Жәдігерлердің басқа бөлігін облыстық «Арарат» армян мәдени орталығының төрғасы К.М.Нариманян ұсынды. Көрменің ашылу салтанатында армян мәдени орталығының белсенділері келермендерді мерекелік тамаша концертпен қуантты, оны армян тілінің мұғалімі А.С.Оганнисян, «Арарат» би ұжымының жетекшісі Н.В.Мачульская мен орталықтың шығармашыл жастары ұйымдастырған.


М.А.Алейникова, облыстық этнографиялық

мұражай-қорығының ШҚО халықтары

мен азсанды этнотоптары этнографиясы

бөлімінің кіші ғылыми қызметкері

 

Уақытты да, кеңістікті де жеңген. 2006

Уақытты да, кеңістікті де жеңген. 2006 жыл.

Қазақстан Республикасындағы Пушкин Жылына арналды.

 

ШҚО діні. 2006

ШҚО діні. 2006 жыл, мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжай бойынша орналасқан ғимараты

Мұражай-қорықтың қорындағы діни заттар, фотосуреттер, кітаптар.

 

Вайнах. 2006

2006 жылдың қараша айында мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 бойынша орналасқан ғимаратында чешен халқының материалдық және рухани мәдениетіне арналған «Вайнах» атты көрме көрсетілді. Көрмені облыстық этнографиялық мұражай мен «Вайнах» чешен мәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырған болатын.

1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 31 799 чешен, солардың ішінде Шығыс Қазақстанда 1690, Өскеменде 408 чешен тұрады.

Көрмеге 40 бұйым қойылды. Бұлар – отбасылық альбомдардан ұсынылған көне фотосуреттер, араб тіліндегі Құран кітаптар мен құлшылық заттары, ерлер мен әйелдердің киімдері, чешен мәдени орталығының жетістіктері туралы сыр шертетін фотосуреттер мен грамоталар. «Вайнах» чешен мәдени орталығы 1992 жылы Өскемен қаласындағы Достық үйінің жанында құрылған. Орталықтың негізгі қызметі чешен халқының тілін, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін түлетіп, сақтауға бағытталған. Оның тұңғыш президенті  Алхазур Дурсиев болды, қазіргі кезде «Вайнах» орталығының төрағасы міндетін Татьяна Абдулловна Кагерманова атқаруда.

Б.М.Құмарова.

 


Страница 6 из 8

МӘТІНДІК БАЗА БОЙЫНША ІЗДЕУ

ЯНДЕКС ЖҮЙЕСІНДЕ ИНДЕКСАЦИЯДАН ӨТКЕН ІЗДЕУ

Есептегіштер

 Top.Mail.Ru

Статистика

Пользователи : 830
Статьи : 3037
Просмотры материалов : 39857939

Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …