|
Көшбасшы туралы ой-толғау. 2014
2014 жылғы 27 қарашада мұражай-қорықтың Қ. Қайсенов көшесі, 67 мекенжайындағы ғимаратта мұражай-қорықтың ғылыми кітапхана қорынан «Көшбасшы туралы ой-толғау» атты көрме ашылды.
Көрмеге Қазақстан Республикасының Президенті туралы, оның тарих ағымындағы өмір жолын баяндайтын қызықты кітаптар мен альбомдар қойылды.
Суретші З. Назыровтың көрмесі. 2014
Художник Назыров (1909-1989)
Айтулы үш күнге байланысты: Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне, қала күніне және суретші З.С. Назыровтың 105-жылдық мерейтойына орай Шығыс Қазақстанның облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафттық мұражай-қорығының қызметкерлері Пушкин атындағы облыстық кітапхана фойесінде автордың портреттік жұмыстарының тұрақты көрмесі ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар Шығыс Қазақстан облысының облыстық атқарушылық комитетінің тапсырысы бойынша 1970-ші жылдардың екінші жартысында салынған көрінеді. Облыстық мұражай-қорығында суретші З.С.Назыровтың 39 жұмысы сақтаулы. Бұл Абай Құнанбаев, Жамбыл Жабаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов сияқты атақты тұлғалардың, сондай-ақ әртүрлі кәсіптің қарапайым адамдарының, Кеңес Одағы батырларының және социалистік еңбек ерлерінің портреттері.
Орыс жерінің Ұлы қорғаушысы. 2014
2014 жылғы 24 сәуірде мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында мұражай-қорық және Өскемен мен Семей епархиясы ұйымдастырған, православиелік Шіркеудің көрнекті қайтаркері, орыс жерінің тақуасы, Троица-Сергиев лаврасының негізін қалаушы – преподобный Сергий Радонежскийдің 700 жылдығына арналған «Орыс жерінің Ұлы қорғаушысы» атты пасхалық көрме ашылды.
Әйелге деген сүйіспеншілікпен. 2014
Женщина…Небесное создание.
Воплощенье сказочной мечты. Облако несбыточных желаний,
Ветер из добра и красоты…
«Әйелге деген сүйіспеншілікпен» атты көрме Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы (Семей қаласы) қорындағы ХХ ғасырдың ортасы – ХХІ ғасырдың басындағы Қазақстан шеберлері мен ТМД елдерінің 53 графикалық жұмыстары мен Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорық қорының антикварлық бұйымдар коллекциясын, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын назарға ұсынады.
Мұражай – арман аумағы. 2014
2014 жылғы 11 ақпанда өткен Туризмді дамыту мәселелері жөніндегі Халықаралық форумға Қазақстанның әртүрлі облыстарының, Ресейдің, Кореяның, ҚХР, Монғолия мен Словакияның туристік компаниялары қатысты. Мұражай-қорық Форумға «Мұражай – арман армағы (Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының Солжағалық кешені)» атты көрмені ұсынды
Менің Қазақстаным. 2014
Риддерқаласындағы Мәдениет сарайының көрме залында біздің мұражай-қорықтың қорынан ұйымдастырылған «Менің Қазақстаным» көрмесі ашылды.
Ол қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы мен ұлттық дәстүрлеріне, КСРО Суретшілер одағының мүшелері: суретші Анатолий Георгиевич Куклин мен мүсінші Валерий Соломонович Раппопорттың туындыларына арналған.
Көрмеде мұражай-қорық қорынан алынған киіз бұйымдар (сырмақтар) мен алашалар назарға ұсынылған.
Жаңажылдық ертегі. 2012
2012 жылғы 10 желтоқсанда мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесінде орналасқан ғимаратында «Жаңажылдық ертегі» көрмесі ашылды.
«Жаңажылдық ертегі» – мұражай-қорық қорындағы жаңажылдық керек-жарақтар коллекцияларының көрмесі.
«Жаңажылдық ғажайып». 2013
«Жаңажылдық ғажайып» көрмесі мұражай-қорығының қорындағы жаңажылдық коллекцияны, мектеп оқушыларының шығармашылығы Сарайында тәрбиеленушілердің, Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжде «Интерьер дизайны» мамандығы бойынша оқитын студенттердің және оқытушы – сәндік-қолданбалы өнер шебері Р.А. Бобровскаяның шығармашылық туындыларын назарға ұсынған.
Экспозицияға Жаңа жыл символы - әртүрлі ұрпақтар тұсында пайдаланылған Аяз Аталар, Қаршақыздар, өткен ғасыр ортасындағы және ХХІ ғасыр басындағы жаңажылдық шыршалар, шыршалық ойыншықтар мен Жаңа жыл тақырыбындағы түрлі керек-жарақтар енген.
Өткен дәуір. 2013
«Өткен дәуір...» көрмесі XIX және XX ғасырлардың соңындағы Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай қорық қорындағы жәдігерлер коллекциясын ұсынады. Фарфор, күміс заттар, зергерлік әшекейлер, монеталар мен банкноттар, қарулар және тағы басқалары – бүгінде күнделікті тұрмыста қолданылмайды, десек те, сол көне заттар өткен дәуірдің үні мен оқиғаларын бүгінмен байланыстыратын көпір сынды.
Шығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері. 2012
«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан қазақ жазушыларының павильонында «Шығыс Қазақстанның қазақ жазушы-журналистері» атты жаңа көрме ашылды. Ол Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшелері, 2012 жылдың мерейгер жазушы-журналистері: Әзілхан Нұршайықовтың, Мұқан Әбуғалиевтің, Тұрғазы Нұқаевтың, Серік Ғабдоллаұлының және Әлібек Қаңтарбаевтың мерейтойларына орай ұйымдастырылған.
Абай және абайтанушылар: М.О.Әуезов, Қ.Мұхамедханов. 2012
«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан қазақ жазушыларының павильонында «Абай және абайтанушылар: М.О.Әуезов, Қ.Мұхамедханов» атты жаңа көрме ашылды. Ол Мұхтар Әуезовтің туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Көрме материалдары қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың, ақын шығармашылығын зерттеушілер Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановтың өмір жолдары мен шығармашылықтарынан хабардар етеді. Олардың барлығы Шығыс Қазақстан жерінде өмірге келген және біздің – мақтанышымыз.
Ертегіде қонақта. 2012
«Жастар» саябағындағы этнографиялық ауылда орналасқан сәндік-қолданбалы өнер павильонында «Ертегіде қонақта» атты жаңа экспозиция ашылды, онда мұражай-қорықтың қорынан алынған жәдігерлер қойылған.
|
|
|
Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 129
Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 135

Страница 4 из 8 |