No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MariaDB server version for the right syntax to use near ':2010-10-25-05-34-15' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 132:2010-10-25-05-34-15
қордан :
 

  • Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
жаңалықтары қордан


Өткен ғасырдағы ашықхаттар. 2005

Өткен ғасырдағы ашықхаттар. 2005 жыл, мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжай бойынша ғимараты.

Мұражай-қорықтың қорынан ұсынылған 115 ашықхат, соның ішінде ХХ ғасырдың 50-ші жылдарындағы 8 Наурызға, 23 ақпанға арналған сирек кездесетін ашықхаттар бар.

 

Мектептегі керемет жылдар. 2005

Мектептегі керемет жылдар. 2005 жыл, мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжай бойынша ғимараты.

ХХ ғасырдың 50-90-шы жылдарындағы ашықхаттар коллекциясы, ХХ ғасырдың 20-шы, 70-ші жылдарындағы мектептік керек-жарақтар – ранецтер, портфельдер, кітаптар, фотосуреттер, мектеп оқушыларының киімдері, белгішелер (значоктар), пионер символикасы және басқалар.

 

Біз достығымызбен мықтымыз. 2005

«Біз достығымызбен мықтымыз». 2005 жыл, мұражай-қорықтың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжай бойынша ғимараты.

Бұл көрме Шығыс Қазақстан халықтарының Кіші ассамблеясының 10 жылдығына арналды. Кіші ассамблеяның қызметін көрсететін құжаттар, фотосуреттер, ШҚО халықтарының материалдық және рухани мәдениеті жөніндегі жәдігерлер назарға ұсынылды.

 

Рождестволық шыршалар. 2005

2005 жылғы 26 желтоқсанда мұражайдың Қ.Қайсенов көшесі, 67 мекенжайдағы залында «Рождестволық шыршалар» көрмесі ашылды, сондай-ақ Христос Рождествосы поляк дәстүрінде қарсы алынды. Көрмені мұражай-қорықтың ШҚО халықтары мен азсанды этнотоптарының этнографиясы бөлімінің қызметкерлері ШҚО халықтары ассамблеясының поляк мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Экспозицияда қор коллекциясынан алынған құлшылық заттары – «Дева Мария Мустика» мүсіні, поляк тіліндегі библия, «Сәбидің үңгірде тууы» деген рождестволық композиция, ХХ ғасыр басындағы пошталық ашықхаттар мен басқа да бірегей бұйымдар назарға ұсынылды. Кернейлеткен періштелері бар, европалық мәнерде безендірілген рождестволық шырша экспозицияға айрықша сән берді. Поляк мәдени орталығы жанындағы оқытушы Т.В.Хомич басқаратын «Акварелька» балалар изостудиясы мүшелерінің Христос Рождествосы үшін арнайы салған еңбектері зор қызығушылық туғызып, эстетикалық ләззат берді.

Көрменің ашылуына «Үміт» балалар үйінің жетім балалары шақырылды, олар Рождество туралы өлеңдер оқып, әндер айтты. Сондай-ақ осы іс-шараға Рим католиктік шіркеуінің өкілдері де шақырылды, олар библиялық сюжеттегі иллюстрацияларды көрсете отырып, Христос Рождествосын мерекелеу туралы қарапайым тілмен айтып берді. Серафим әкей мен монахинялар католиктік храм жиһазы атрибуттарының, сондай-ақ жанып тұрған шырақтардың жанында діни әндер орындап, қатысып тұрған барлық балаларға рождестволық сыйлықтар таратты. Мерекеге қатысушылар кеш соңында мерекелік астан дәм татты.

М.Резонтова.

 

Музыканың сиқырлы саздары. 2004

 

2004 жылғы 1 желтоқсанда  мұражай-қорықтың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 бойынша ғимаратында мұражай-қорық қорындағы және Өскемен қаласы тұрғындарының жеке коллекцияларынан алынған музыкалық аспаптардың «Музыканың сиқырлы саздары» атты көрмесі ашылды. Көрмеге 130 жәдігер ұсынылса, олардың 58-і музыкалық аспап болды.

Мұражай коллекциясы қала және облыс бойынша сапарларға шыққанда тұрғындардан жинау арқылы қалыптасты, көпшілігін Алматы қаласындағы Орталық Мемлекеттік музей, Корей мәдени орталығы, Әзірбайжан Мәдениет министрлігі сыйлаған болатын.

Коллекцияда қазақ музыкалық аспаптарының саны басым. Көрмеде қазақ музыкалық аспаптарының 7 түрі: домбыралар, қылқобыздар, саз сырнай, шертер, асатаяқ, жетіген, тайтұяқ назарға ұсынылды.

Кавказ және Орта Азия халықтарының тар, кяманча, гавал, дойра, рубоб тәрізді музыкалық аспаптары үлкен қызығушылық туғызды.

Аспаптардың арасында сыртқы пішіні, көлемі мен жасалған материалы жағынан әртүрлі болып келген бірнеше барабаннан тұратын корей халықтық аспаптарының коллекциясы ерекше көзге түсті. Шекті шертпелі музыкалық аспап – каягымның, үрмелі – бамбук  сыбызғы «дансоның» құндылығы зор.

Баршаға белгілі музыкалық аспаптарға ерекше орын берілген болатын. Бұлар –  көне пианино, гитара, мандолина, скрипка, аккордеон, гармонь, балалайка.

Көрмеде фабрика өндірісінен баяғыда алып тасталған бірегей аспап – ХІХ ғасырдың фисгармониясы назарға ұсынылды.

М.Резонтова

 

Арарат шыңдарынан Өскеменге дейін. 2003

2003 жылғы 1 ақпаннан 4 наурызға дейін мұражай-қорықтың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 бойынша ғимаратында «Арарат шыңдарынан Өскеменге дейін» атты көрме жұмыс істеді, ол армян халқының материалдық және рухани мәдениетіне арналған болатын. Көрмені облыстық этнографиялық мұражай мен армян мәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырды.

1999 жылғы халық санағы бойынша Шығыс Қазақстанда 829 армян тұрады.

Көрмеге К.М. Нариманянның, С.Г.Геворкянның, В.А.Овсепянның отбасылық ескерткіштік мұра коллекцияларынан, армян мәдени орталығынан және мұражай қорынан жәдігерлер қойылды.

К.М.Нариманян өзінің әкесі Карапет Варламович Нариманянның (1870 – 1935) ХХ ғасыр басында жасаған көне ағаш келі мен келсабын, енесі Гоар Седраковна Аракилянның ұлттық бас киіммен түскен фотопортретін (1930 жыл) ұқыптылықпен сақтауда. Үй кітапханасындағы оқулықтарын: 1966 және 2001 жылдары армян тілінде шыққан «Әліппені», «Левон Мирзоян Қазақстанда. Құжаттар мен материалдар жинағы» кітабын, Дмитрий Налвалдянның альбомы мен басқаларды ұсынды.

Келермендер үшін А.О.Овсепянның 1920-шы жылдар соңында армян тілінде жазылған құжаттарын көру қызық болды. Бұлар – 1927 жылы Выгоршапат жетіжылдық мектебін бітіргендігі туралы куәлік, Ленинакан ауылшаруашылық техникумын бітіргендігі туралы 1929 жылғы 17 қазанда берілген диплом. Валентина Арютюновна Овсепян трофейлік олжа – ХХ  ғасыр басындағы швейцар қалта сағаты мен «Молния» қалта сағатын отбасылық сирек ескерткіш ретінде сақтауда.

Көрмеде Армения Республикасының символикасымен және атрибутикасымен танысу мүмкін болды, оларды С.Г.Геворкян ілтипатпен ұсынған болатын.

 

Біз – Украина халқымыз. 2003

2003 жылғы 10 наурыздан сәуірдің аяғына дейін мұражай-қорықтың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 бойынша ғимаратында «Біз – Украина халқымыз» атты көрме жұмыс істеді, ол украин халқының материалдық және рухани мәдениетіне арналған болатын. Көрмені облыстық этнографиялық мұражай мен украин мәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырған еді.

1999 жылғы халық санағы бойынша Шығыс Қазақстанда 15696 украин, Өскеменде – 4952 украин тұрады.

Көрмеге қойылған жәдігерлер: Л.И.Меньшикованың, Е.В.Теуттің, Р.Ф.Авдееваның, Г.И.Вознюктің, О.А.Журбаның, Е.Ф.Храмцованың отбасыларында ескерткіш ретінде сақталған көне заттар.

Көрме Украина Республикасының рәміздерімен және атрибутикасымен таныстырды.

2002 жылдың қазан айында Шығыс Қазақстанға Украинаның Қазақстан Републикасындағы Төтенше және Уәкілетті елшісі В.Г.Цыбенко ресми сапармен келді, облыстық Достық Үйінде онымен украин диаспорасының өкілдері кездесті. Көрмеге осы оқиғаны бейнелейтін фотосуреттер ұсынылды.

Айқас кестемен және тығыз кестемен кестеленген рушниктер мен салфеткаларды Р.Ф.Авдеева мен Л.И.Меньшикова ұсынған. Р.Ф.Авдеева немересіне арнап тіккен балалар көйлегін украин өрнегімен кестелепті.

Е.В.Теут коллекциялық спирттік ішімдіктерге арналған ыдыстарды, вазаларды, кәдесыйлық балтаны, пасхалық украин жұмыртқалары – «писанкаларды» Украинадан әкеліпті.

Бір көрнек ұлы украин ақыны Т.Г.Шевченкоға арналды. Мұнда оның шығармалары; «Кобзарь», «Мала книжка», сондай-ақ фотоашықхаттар, Т.Г.Шевченконың кеуіті назарға ұсынылды.

Келермендер Украина қалаларының схема-картасымен, сондай-ақ украиндардың дәстүрлі киімдерімен танысып, көруге мүмкіндік алды.

 

Видергебурт. 2003

2003 жылғы қыркүйек айында мұражай-қорықтың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 бойынша ғимаратында «Видергебурт» атты көрме жұмыс істеді, ол неміс халқының материалдық және рухани мәдениетіне арналған болатын. Көрмені облыстық этнографиялық мұражай мен «Видергебурт» неміс мәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырған еді.

1999 жылғы халық санағы бойынша Өскеменде 5055 неміс тұрады.

Жәдігерлердің көпшілік бөлігін Л.И.Менжулинаның отбасында ескерткіш ретінде сақталған көне заттар құрады. Ол өзінің 1960-жылдарғы қолөнерілік заттары: салфеткаларды, перделерді, біз тоқымамен көркемделген жастық тыстары мен төсектің арқалықтарын жауып тұратын жапқыштарды берді. ХХ ғасыр басында оның атасы жасаған  немістердің ұлттық оқтауы келермендерге қызық көрінді. Өскемен қаласының тұрғыны А.Раисова өзіне бала кезінде әпкесі тігіп берген көйлегін сақтап қойған екен. Л.И.Касаткина ата-аналарының және атасы мен әжесінің үйлену тойларында түскен фотосуреттерін ескерткіш ретінде сақтауда. О.П.Хохлова Германияның әртүрлі өңір немістерінің ұлттық киімдеріндегі қуыршақтардың қызықты коллекциясын, сондай-ақ Германиядағы сыра мерекесінің атрибуты – балалардың қысқа шалбарын (шортын) ұсынды.

Б.М.Құмарова

 

Татарлар турында. 2003

«Татарлар турында» көрмесінің ашылуы . 2003 г.
2003 жылғы қазан айында мұражай-қорықтың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 бойынша ғимаратында «Татарлар турында» («Татарлар туралы») атты көрме жұмыс істеді, ол татар халқының материалдық және рухани мәдениетіне арналған болатын. Онда А.Насырованың, Г.С.Левченконың, Р.Х.Фаизованың, Ғ.М.Ишмуратовтың, Н.Жанқұлованың, С.И.Искандерованың, Р.А.Миникееваның отбасыларында ескерткіш ретінде сақталған көне заттар назарға ұсынылды.

1999 жылғы халық санағы бойынша Шығыс Қазақстан облысында 24 506 татар, Өскемен қласында – 3 588 татар тұрады.

 

Мы усе сябры. 2003

2003 жылғы 1 сәуір – тамыз аралығында мұражай-қорықтың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 бойынша ғимаратында «Мы усе сябры» атты көрме жұмыс істеді, ол белорус халқының материалдық және рухани мәдениетіне арналған болатын. Көрмені облыстық этнографиялық мұражай мен «Мы усе сябры» белорус мәдени орталығы бірлесіп ұйымдастырған еді.

1999 жылғы халық санағы бойынша Өскеменде 1397 белорус тұрады.

Көрмеге Н.Н.Прищепчиктің, Г.А.Борисовичтің, А.М.Щемердің, О.А.Перевязчикованың, Г.А.Николаеваның отбасыларында ескерткіш ретінде сақталған көне заттар қойылды. Мұражай мен орталықтың бірлескен іс-қимылдары белорустардың мәдениеті мен тұрмысын көрсететін жәдігерлер жинауға мүмкіндік берді.

Көрме келермендерді Беларусь Республикасының рәміздерімен, атрибутикасымен және ақша белгілерімен таныстырды.

Кітаптардың шағын коллекциясы – рухани мәдениет көрінісі: әліппе, белорус халық ертегілері, лирикалық өлеңдер мен белорус тіліндегі басқа да кітаптар қойылды.

Келермендерге әсер еткен жәдігерлер: ерлер мен әйелдердің ұлттық киімдері, астық бастыруға арналған құрал, кір жуып, үтіктеуге арналған каталка мен рубель (качулі), кәдесыйлық қуыршақтар мен ұлттық киімдер, сондай-ақ «Пресвятое сердце Иисуса Христа» иконы, таспиық пен 1880 жылы шыққан діни әндер жинағы.

Әйелдердің дәстүрлі қолөнері көрмеде кестелі рушниктер мен салфеткалар арқылы назарға ұсынылды.

 

Орта Поволжье мен Приуралье халықтарының материалдық және рухани мәдениеті. 2001

2001 жылғы 10 мамырдан 15 тамызға мұражайдың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында «Орта Поволжье мен Приуралье халықтарының материалдық және рухани мәдениеті» атты көрме жұмыс істеді, ол Қазақстан Республиксы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған еді. Келермендер татарлардың, марийлердің, мордвалардың, чуваштардың, удмурттардың этнографиясымен танысты.

Көрмеге мұражай қорынан 112 бұйым, Семей қаласындағы татар қоғамдық орталығының мұрағатынан 13 зат, А.Файзулинаның жеке мұрағатынан 2 фотосурет қойылды.

Назарға алғашқы рет ұсынылғандар: татарлардың ХХ ғасыр басындағы үйлену тойылық киімі – Фатима Хикматуллақызы Гонцованың (туған жылы 1898 (?)) костюмі. Көйлектің төменгі тұсы, камзолдың жиектері оқамен өрнектелген, кеудесінде оқалы әшекей – изю.

Семейден түскен жаңа заттардың: ХІХ ғасыр ортасының жайнамазы – намазлықтың, кеуде әшекейі – изюдің, өсімдіктік өрнекпен кестеленген барқыт қалпақтың өзіндік қызық тарихы бар. Осы заттарды өткізуші Маратбек Зағидуллиннің айтуынша оның атасы Валиулла Зағидуллин ХІХ ғасырдың екінші жартысында Семейден Ташкент арқылы Меккеге аттанғанда қажылыққа осы намазлықты ала барған екен. Ал қалпақ пен кеуделік әшекей оның анасынікі.

Сондай-ақ, Марий Эл Республикасының Ұлттық мұражайынан алынған көгалдық марий әйелдерінің киімі келермендер назарына бірінші рет ұсынылды, ол мұражай қорына сыйланды. Сыйға тартылған заттардың ішінде кәдесыйлық кітаптар, б.д. ІХ – ХІІІ ғасырларындағы көне әшекейлердің көшірмелері, кесте фрагменті, марийлердің тарихы мен этнографиясы бойынша фотосуреттер мен кітаптар болды.

 

Белорустар мен украиндардың материалдық және рухани мәдениеті. 2001

2001 жылғы 1 ақпаннан 30 сәуірге дейін мұражайдың Урицкий (қазір Қ.Қайсенов) көшесі, 67 мекенжайдағы ғимаратында «Белорустар мен украиндардың материалдық және рухани мәдениеті» көрмесі ұйымдастырылды, ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған болатын. Көрермендер назарына ұсынылғандар:

- ХХ ғасырдағы белорус және украин үйі интерьерлерінің фрагменттері;

- манекендерде: украин және белорус әйелдері мен ерлерінің киімдері;

- үш көрнекте белорустар мен украиндардың рухани мәдениеттерінің материалдары (украиндардың икондары, кітаптары, пластинкалары, діни заттары).

 

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 129

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 135

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 129

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 135

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 129

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 135

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 129

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 135

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 129

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 135

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 129

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 135

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 129

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 135

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 129

Warning: Illegal string offset 'active' in /var/www/vhosts/vkoem.kz/httpdocs/vkoem.kz/templates/ja_purity/html/pagination.php on line 135


Страница 7 из 8

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …