Музей-қорықта Қазақстан-Американ еркін университеті (ҚАЕУ) колледжінде «туризм» мамандығына оқитын студенттердің тәжірибеден өту мерзімі аяқталды. Тәжірибе Жастар жылы аясында өтті. Студенттер ай көлемінде экскурсия жүргізуші маман жұмысының қыр-сырынан хабардар болды. Ақпараттық-ағарту бөлімі мен экскурсиялық қызмет көрсету секторындағы аталған мамандықтың бір бағыты осындай. Олар бөлімдер қызметкерлерінің көмегімен музей-қорық құрылымына қатысты барлық жұмыспен, сондай-ақ, экскурсия жүргізушінің жұмыс ерекшеліктерімен танысты. Студенттер тәжірибеден өту қорытындысында арнайы тақырыптар бойынша экскурсия мәтінін дайындады. Ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаеваның сөзіне қарағанда, қазір олар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған мультимедиялық ресурс бойынша жұмыс істеуде. Қазірдің өзінде Орыс музейіне өтінім жіберілді, ал желтоқсан айында ол жақтағы конкурсқа материалдар жіберілетін болады.














ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Риддер тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Әшекей – халық жанының  айнасы мен тарихы» атты көрме ашылды. Онда қазақ халқының әшекей бұйымдар тақырыбындағы болмысын көрсететін тұрмыстық бұйымдар, сондай-ақ, бейнелеу және қолданбалы өнер заттары орын тепкен. ШҚ облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қор топтамаларынан алынған 50-ден астам бұйым қойылды.









            


