Кемер белдік
6. ТК 34 – 25340 Кемер белдік
XIX ғасыр
Тері, метал, түрлі-түсті қағаз, шыны, қалыптау, тотықтыру, тойтарма
7,8 х 95
2004 жылы Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайының қорынан келіп түсті (Астана қаласы).
Белбеу Мәдениет министрі Д.Қасеиновтің 2003 жылғы 21 қарашадағы № 28 бұйрығы негізінде Алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайынан алынды. Жәдігерді алтын және бағалы металдар Мемлекеттік мұражайына 1996 жылы Сығай Иманбаев тапсырған. Заттың тұрмыста қолданылған өңірі - Жетісу (Алматы облысы).
Белбеу жалпақ, топсалы, тікбұрышты айылбасы бар. Айылбастың беткі жағын тойтармалардың табақша-қалпақшаларымен әшекейлеген. Айылбастың бүйіріндегі шеттері мүйіз тәріздес етіп қиылған. Айылбастың ұяшық-касталарының шеттері иректелген және екі мүйіз тәріздес бұйраланған сопақша үлгіде. Ұяшықтарға бағалы тастардың орнына түрлі-түті қағаз және шыны орнатылған. Айылбастың біреуі белбеуге метал қысқышпен, екіншісі екі тойтармамен бекітілген.
Белбеу 14 бағана тәріздес жапсырмалармен әдіптелген: оның 7-де 4 бутон тәріздес бедерлі сурет, қалған 7-де жапырақты гүлөрнек түріндегі бедерлі дөңес бағандар. Белбеуге жапсырмалар тойтармалар мен пластинкалар көмегімен бекітілген.
Белбеудің шеттері ішкі жағына қайырылған.
7. ТК 40 – 26966 Кемер белдік
XIX ғасырдың соңы
Тері, метал, м/қ жіптер, қалыптау, құю, керту, тойтару, тігу
8 х 101
Бәшіров Сержан Мұратұлы, Алматы қаласы, 2005 ж.
Белбеу алматылық коллекционер әрі зергер С.М.Бәшіровтан сатып алынды.
Белбеу жалпақ, топсалау әдісімен біріктірілген тікбұрышты айылбасы бар, күрең-қоңыр түсті. Айылбастың шеттері мүйіз тәрізді, ортасында бұйра және нүктелер түріндегі оюлары бар бейнелі жапсырмасы, ал бұрыштарында жартылай шеңбер тәрізді әшекейі бар, олардың 2-уі шағын (тойтарманың қалпақтары). Айылбастың біреуінің ішкі жағында шегелеу әдісімен бекітілген қапсырмасы бар, екінші айылбас белбеуге екі тойтармамен бекітіліген.
Белбеуге «айдаҺардың басы» (2), күмбез (2), сопақша (1), баған тәрізді (7) үлгіде әртүрлі конфигурациялы 14 көлемді жапсырма және 2 бастырма орналасқан, бастырмалар мынадай үлгілерде безендірілген: ортада, көлденеңінен, тісті өзек, оның оң және сол жағында сегменттер түріндегі 4 бөлшегі бар, бұл композицияның барлығы қысқа тармақталған толқын тәрізді жақтаушамен қоршалған. Белбеудің бастырылған жапсырмалары мен арадағы шеттері сары және қызыл күрең түсті жіптермен сәнделген.
Белбеудің оң жақ ұшына ілгек бекітілген.
8. ТК 48 – 29347 Кемер белдік
XIX ғасыр
Тері, метал, соғу, құю, бедерлеу, тігу
6,5 х 92,5
2007 жылы Тұңғыш Президент Мұражайының ( Астана қаласы) қорынан келіп түсті.
Белбеуді Тұңғыш Президент Мұражайы тарту еткен.
Белбеу күрең-қоңыр түсті, жалпақ, ақтүсті металдан жасалған екі бөлікті тікбұрышты айылбасы бар. Айылбас белбеуге бес дөңес тойтармамен бекітілген, бедерленіп («қошқар мүйіз», «ирек», тұмар» оюлары түрінде) әшекейленген. Айылбас топсамен біріккен.
Белбеу ақ металдан жасалған қазақтың созылмалы үлгідегі оюымен сәнделген 7 жіңішке бейнелі жапсырмамен әшекейленген. Жапсырма екі бөліктен тұрады: төменгісі жалпақтау, күрең түсті және жоғарғысы жапсырманың бейнесін қайталайтын ақ түсті бедерленген сызықты, жіңішкелеу.
Белбеудің бір шетінде түзу жіңішке пластинасы бар.