Шығыс – Қазақстан облыстық
сәулет-этнографиялық және
табиғи-ландшафтық
музей-қорығы

МУЗЕЙ-ҚОРЫҚТЫҢ ҚОРЫНДАҒЫ ТІЗІМДЕМЕЛЕР
Тізімдеме: "ҚАЗАҚ ЕР АДАМДАРЫНЫҢ ҚАЙЫС БЕЛБЕУЛЕРІ"


Салпыншақ-қалтасыз белбеу

БТК 12 – 3509 Белбеу

9. БТК 12 – 3509 Белбеу

XIX ғасырдың соңы

Тері, метал, тойтарма, бедерлеу, тігу

3,7 х 147

Бейсетов Қайырды Қапезұлы, Шымқора ауылы, Ұлан ауданы, 1978 ж.

Белбеу Қ.Қ.Бейсетовтен сатылып алынды.

Белбеу теріден тігілген, 54 метал жапсырмалармен әшекейленген: 8-і сегіз күлтелі гүл түрінде, 8-і шеттері иректелген гүлөрнек түрінде (ортасында бедерленіп орындалған айқасқан өрнектер), 38-і мүйіз тәрізді (2-уі жоғалған). Ілмекке арналған 11 тесігі бар. Шеттерінде тойтармамен бекітілген екі пластинка бар. Оң жақ пластинканың ұшында ілгекпен иілген өзекше, солға таман қайыс ілмек бекітілген. Пластиналар «ирек» өрнегімен сәнделген.


БТК 24 – 8582 Белбеу

10. БТК 24 – 8582 Белбеу

XIX ғасырдың соңы

Тері, метал, тойтарма, бедерлеу, тігу

4,5 х 143

1980 жылы Лениногорск (Риддер) тарихи-өлкетану мұражайының қорынан келіп түсті.

Белбеу күрең-қоңыр түсті, табиғи теріден жасалған екі пластинамен әсемделген, оның біреуі (оң жағы) ілмекті. Пластиналар бедерлеу техникасында геометриялық оюлармен сәнделген. Оң жақтағы пластинадан сәл солға қарай тері ілмек бекітілген.

Белбеуде 22 жапсырма бар, олардың: 5-уі жебенің ұшы үлгісінде, 12-сі ұштары мүйіз тәрізді (ортасында діңгекшелер), 5-уі төртбұрышты. Төртбұрышты жапсырмалар қосымша 4 жағынан жартышеңбер тәрізді бөлшектермен, көлденеңінен жасанды түйіршіктермен, ортасында дөңес бұрыштары созылған төртбұрышпен сәнделген.

Белбеудің сол жақ бөлігінде ілгекке арналған 7 тесік бар.


БТК 24 – 8583 Белбеу

11. БТК 24 – 8583 Белбеу

XIX ғасырдың соңы

Тері, метал, тойтарма, бедерлеу, тігу

3,3 х 153

1980 жылы Лениногорск (Риддер) тарихи-өлкетану мұражайы қорынан келіп түсті.

Белбеу теріден жасалған, пластинаның ұшында жапырақ түріндегі өсімдік тектес оюмен әшекейленіп, оның бірі қызыл түсті тойтармамен сәнделген. Оң жақтағы пластинада ілмегі бар, сол жағына таман тері ілмек бекітілген.

Белбеудің өн бойында үшжапырақ (14), шеңбер (15, 1-уі жоғалған), 16 «қошқар мүйіз» оюымен сәнделген жапсырмалар тізбектеле бекітілген.

Белбеудің ілгеккке арналған 12 тесігі бар.


ТК 25 – 23109 Белбеу

12. ТК 25 – 23109 Белбеу

XIX ғасырдың соңы -XX ғасырдың басы

Тері, метал, шыны, тойтарма, бедерлеу, шекіме, тігу

3 х 155

Әбсадықов Болат Оралбекұлы, Өскемен қаласы, 2000 ж.

Белбеу Самар ауылында тұрған 84 жастағы Керей руынан шыққан Ыхай Қалқабаевтікі болған. Белбеу оған әкесі Қалқабайдан мұраға қалған, олардың тұқымында белбеу жасайтын шебер болған-ды. Ол сонымен қатар ат әбзелдерін, зергерлік бұйымдар жасаған.

Белбеу қара түсті, 38 бейнелі жапсырмалармен әшекейленген: олардың 35-і ақ түсті металдан, 3-уі сары түсті металдан, 19 жапсырма «мүйіз» оюы батырма тәсілімен орындалған тікбұрышты үлгіде (2,5х1,3), 10 жапсырма 8 жапырақты гүл үлгісінде, олардың 3-уі: ілгекке арналған тесікпен, 9 жапсырма, ортасы дөңес, шеттері кертілген қызыл, көк, жасыл, тоқсары түсті шынымен көмкерілген домалақ пластинка түрінде. Пластиналардың бұрыштары мүйіз түріндегі оюмен әдіптелген (2,4х2,4).

Белбеудің бір ұшы ақ түсті металдан жасалған, 4 бастырмасы дөңес өзекті 8 жапырақты гүл түріндегі сәндік элементпен әшекейленген бейнелі пластинкамен әдіптелген.

Белбеудің келесі ұшында ақ түсті металдан жасалған 8 жапырақты гүл түріндегі 2 бастырмалы бейнелі пластинасы (8,5х2,2) бар. Пластина ілгекпен аяқталады.

Сонымен қатар, белбеудің 2 салпыншағы бар: біреуі (13,7х3,7) 8 жапырақты гүлөрнекті 2 бастырмасы бар, сәндік және түсті шыны кірістірілген ақ түсті металдан жасалған бейнелі пластина; келесі пластина (8х2,4) сары түсті бейнелі метал пластинамен бекітілген, бір нәрсе ілуге арналған 1 шығыршығы бар.


ТК 25 – 23110 Белбеу

13. ТК 25 – 23110 Белбеу

XIX ғасырдың соңы -XX ғасырдың басы

Тері, метал, шыны, тойтарма, құю, шекіме, бедерлеу, тігу

2,5 х 145

Әбсадықов Болат Оралбекұлы, Өскемен қаласы, 2000 ж.

Белбеу Самар ауылында тұрған 84 жастағы Керей руынан шыққан Ыхай Қалқабаевтікі болған. Белбеу оған әкесі Қалқабайдан мұраға қалған, олардың тұқымында белбеу жасайтын шебер болған-ды. Ол сонымен қатар от әбзелдерін, зергерлік бұйымдар жасаған.

Белбеу 34 жапсырмамен әсемделген: 4-уі сары түсті металдан, 29-ы ақ түсті металдан. Олардың 17-і: тікбұрышты үлгіде (2х1,3), оларда батырма тәсілімен оюланған 2-айқасқан найза немесе сүңгі және 4 нүкте түріндегі ою бар. 6 басқа пластинаның (2х2) ортасы дөңес төртбұрышты және түрлі-түсті шыны кіріктірілген, бұрыштарында «мүйіз» оюы ойылған. 4 жапсырма сары түсті металдан, үлгісі жағынан алдыңғысына ұқсайды, тек ілгекке арналған тесіктері бар.

Белбеудің бір ұшында 4 қызыл және ашық жасыл түсті шынылар кіріктірілген бейнелі пластина (2х2) бар. Белбеудің келесі ұшында 3 қызыл және көк түсті шынылар кіріктірілген бейнелі пластина (14,5) және ілгек бар.

Белбеуде төменгі жағы шашақтала қиылған, ақ және сары түсті оюланған метал пластинкалы Т-тәрізді сәндік салпыншақ бар.

Белбеуге шынжыр арқылы ұсақ бедерлі суреттері бар сары метал пластинамен әшекейленген қын ілінген.


ТК 6 – 15624 Белбеу

14. ТК 6 – 15624 Белбеу

XIX ғасырдың соңы

Тері, метал, тойтарма, бедерлеу, тігу

3,5 х 134

Сыбанбаев Алтай Шәкенұлы, Таврия ауылы, Таврия (қазіргі Ұлан) ауданы, 1984 ж.

Белбеу 1951 жылы туған А.Ш.Сыбанбаевтан сатылып алынды.

Белбеудің ұшында пішіні бойымен бедерленген және ақ металмен апталған 2 метал пластина (9 см) бар. Бір жағының ұшы жіңішкеріп ілмектелген, белбеу соның көмегімен бекітіледі, оның сол жағында тері ілмек орналасқан, ол сопақ жапсырмамен әшекейленген.

Белбеу екі түрлі метал жапсырмамен жозыланған: біреуі сопақша, айналдыра күлте түрінде (15) шағын тістері бар. Жапсырманың келесі түрі кішкентай сопақ үлгіні еске түсіреді, олардың әрқайсысынан қарама-қарсы бағытқа екі үшжапырақты (31) өрнек шығарылған. Сопақша шеңбер «шимай» үлгісіндегі оюмен сәнделген.

Жапсырмаларының жалпы саны 46 дана.

Металы құрамдастырылған: сұр және күрең-сары түстермен қиыстырылған.

Белбеуде ілгекке арналған 12 тесік бар.


ТК 19 – 20797 Белбеу

15. ТК 19 – 20797 Белбеу

XX ғасырдың басы

Тері, метал, құю, тойтарма, тігу

4 х 135

Өскемен қалалық физика-математикалық лицей (№25 мектеп) қорынан 1992 жылы түсті.

Белбеу екі қабатты, ақ түсті метал жапсырмалармен жозыланған. Жапсырмалар үлгісі бойынша 2 түрлі: шеттері ирек 8 сопақша жапсырма (d-2 және 2,5 см), олардың араларында жоғары және төмен кеткен үшжапырақ үлгісіндегі 3 жапсырма (барлығы 24) бар, ондай жапсырма ілмекте де бар. Теріс жағынан жіңішке тарамыс жіппен тігілген, жапсырма үлгісінде қиылған сары темір пластиналар мыс шегелермен бекітілген.

Белбеудің екі жағында бастырмасы (11,5х3 см) бар. Оң жағында ол ілгекке ұласады.

Оң жақ ұшынан 21 см қашықтықта қынға арналған жапсырмамен (25-ші) қайыс ілмек (4,5х1,6 см) тігілген.

Белбеудің төрт жерінде ілгекке арналған тесіктер бар.


ТК 36 – 25862 Белбеу

16. ТК 36 – 25862 Белбеу

XX ғасырдың басы

Тері, метал, құю, бедерлеу, тойтарма, тігу

3,6 х 118

Кәрімбаев Марат Солтанұлы, Асубұлақ ауылы, Ұлан ауданы, 2004 ж.

Белбеу оның иесінің әкесі Солтан Кәрімбаевқа тиесілі, руы Найман, атасы Тоқабай, 1904 жылы туған. Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Ақсуат ауылының тумасы. М.С.Кәрімбаевтың өзі 1959 жылы туған.

Белбеу күрең-қоңыр түсті, екі қабатты. Шеттерінде қос тігіс жүргізілген. Төменгі қабаты екі қатар қайыстан (немесе таспа) тұрады.

Белбеудің оң жақ ұшында ілмекті сопақша метал пластина, оның үсті алтын жалатылған күміс түсті, ширатылып, бедерлене сәнделген. Белбеудің сол жақ ұшында «үшгүл» үлгісінде 3 пластинасы бар, оң жақ ұшында олар 2 данадан.

Белбеуде ақ түсті металдан бастырмалар бар: өсімдік тектес өрнекпен бедерленіп өрнектелген ромб үлгісінде 13 ірі жапсырмасы (2х2см) бар. Ромбтардың бұрыштарында шағын бұйра метал түрінде 4 бөлшек бар, олардың үлгілеріндегі бедерленген сызықтарға аса мән берілген. Бұл жапсырмалардың арасында 14 соған ұқсас шағын өлшемді (1,2х1,2) ромбтар орналасқан.

Белбеудің сол жағында ілгекке арналған 15 тесік бар.

Ішкі жағына сары түсті металдан тойтармалар бекітілген.


ТК 45 – 28328 Белбеу

17. ТК 45 – 28328 Белбеу

XX ғасырдың соңы

Тері, метал, қалыптау, керту, ою, ширату, тойтарма

3 х 154

Қамза Әзен, Зайсан қаласы, 2006 ж.

Белбеу Зайсан ауданына жасалған ғылыми экспедиция кезінде, Зайсан қаласына ҚХР көшіп келген оралман Қамза Әзеннен сатылып алынды.

Белбеудің екі ұшында да жиектері бейнелі бастырма метал пластиналары бар, олардың үстінен екі 6-күлтелі гүл және шар бекітілген. Оң жақтағы пластинада ілгегі бар.

Белбеудің беткі жағы ортасында тесіктері бар ақ түсті дөңгелек метал жапсырмалармен (4 дана), 4 күлтелі гүлмен (5 дана), жапырақтар үлгісіндегі жапсырмалармен (9 дана) әшекейленген, сол жақ ұшында үлкен жапырақ түріндегі жапсырманың өзегінің айналасында «құстар» үлгісіндегі өрнек салынған.

В начало страницы © 2010 восточно-казахстанский архитектурно-этнографический природно-ландшафтный музей-заповедник