Шығыс – Қазақстан облыстық
сәулет-этнографиялық және
табиғи-ландшафтық
музей-қорығы

МУЗЕЙ-ҚОРЫҚТЫҢ ҚОРЫНДАҒЫ ТІЗІМДЕМЕЛЕР
Тізімдеме: "ҚАЗАҚ ЕР АДАМДАРЫНЫҢ ҚАЙЫС БЕЛБЕУЛЕРІ"


Күміс белдік

ТК 9 - 17777  БТКакқ-68 Күміс белдік

4. ТК 9 - 17777 БТКакқ-68 Күміс белдік

XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басы

Тері, күміс, қалыптау, құю, бедерлеу, тойтарма

4,5 х 124,5

Қондыбаев Ажар Секенұлы, Глубокое ауданы, Винное ауылы, 1987 ж.

Белбеу А.С.Қондыбаевтың нағашы атасынан қалған, оны атасы бір атқа сатып алған екен. Белбеуді А.Қондыбаевқа 1905 жылы Таврия (бүгінгі Ұлан) ауданының «Соц-Шығыс» ауылында туған атасы Уақит қалдырған.

Белбеудің ұзын бойымен және шеттерінде түйме тәрізді күміс жапсырмалар (27 дана), ал ортасында одан үлкенірек бедерлеп оюланған жапырақтар (9 дана) жозыланған. Белбеудің ұштарында өсімдік тектес оюлармен (сабағы иілген үшжапырақ) әдіптелген жұқа ақ түсті металмен апталған пластинкалары бар. Пластинкалар метал тойтармалармен бекітілген. Белбеуде тері ілгек бар.


ТК 20 – 21673  БТКакқв-100 Күміс белдік

5. ТК 20 – 21673 БТКакқв-100 Күміс белдік

1901 ж.

Тері, барқыт, оқа, күміс, ақық, ферузе,

бедерлеу, құю, шекіме, тойтарма, тегістеу, тігу

4 х 99

Қипеев Әбілхан Қасымұлы, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылы, 1995 ж.

Тапсырушы Найман руының Бұрымбет атасынан шыққан. Оның айтуынша белбеу 1909 жылы Тарабағатай ауданы, Жаңаауыл ауылында туған апасы Ләззат Иткенованікі болған. Бірақ белбеудегі жазулар керісінше, 1901 жылы Отарбай деген кісінің Қайсабай қажыға берген сыйлығы екендігін айғақтайды. Тапсырушылар оны әйел белдігі ретінде тапсырғанмен ол ер адамға арналғаны анықталды.

Белбеудің негізі тері мен барқыт. Беткі жағы оқаланған және ара қашықтығы 1,5 см болатын ақ-сары түсті күміс жапсырмалармен (алтын жалатылған болуы мүмкін), аралары отырғызу техникасымен жапсырылған үш жұлдызшамен әсемделген 10 жіңішке жапсырмамен (2,7х0,8см), дөңгелек түріндегі екі ақық тағылған 5 жапсырмамен (4,5х2 см) әдіптелген. Аталған жапсырмалардың шеттері өрнекті дөңес келген домалақ фигуралы. Басқа 5 жапсырма (4,5х3,6 см) сопақша ақық тасты (2х1,3 см) және өсімдік тектес оюмен бедерленген 4 бекітпе домалақтары бар күрделі қазақ оюы түрінде.

Айылбас (4,7х16 см) сәл иілген, ақ түсті металдан жасалған тікбұрышты үлгіде, қапталындағы тік сызық тура ортасында доғалана үзіледі. Айылбастың ортасында түкбұрышты үлгіде (2,2х3 см) жасалған ашық-тоқсары түстен қошқыл-тоқсары түске қарай ауысқан ақық терең сызықтармен 3 бөлікке бөлінген, ақ түсті метал үш қабатты жақтауға орналасқан, ішкісі тісті және сыртқы 2-уі ширатылған. Тастың айналасында шеңбер тәрізді сары түсті белдеу бар, ол түзу және екі иректелген сызықтармен бедерленген. Айылбастың ақ түсінің үсті өсімдік тектес 2 ою сызықпен бедерленген. Сары түсті сызықтың қалған бөлігінің ортасына араб әріптерімен қазақ тілінде келесі сөздер жазылған: «Айлна уш ушбу бильбау Кайсабай кажи баллин куты мубарак болсун» Аутарбай 1901 ж.», қазақ тіліндегі аудармасы: «Қайсабай қажыға естелік Отарбай 1901 ж.» дегенді білдіреді. Айылбастың бұрыштарында ақ түсті 4 дөңес келген шар орнатылған, олардың арасындағы орталық сары сызықта екі ферузе (d - 0,7 см) бекітілген. Айылбастың ішкі жағында 4 сары түсті тойтармасымен бейнелі бекітпесі және шетінде ілмегі бар.

Белбеудің ішкі жағында ақ түсті металдан табақша (d-2 см) түрінде сары түсті металл бекітпе бөлшектері бар.

В начало страницы © 2010 восточно-казахстанский архитектурно-этнографический природно-ландшафтный музей-заповедник