• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар музей-қорық туралы мақалалар Мұратхан Кенжехан. Қаламгер шығармалары қылқаламмен кестеленді

Мұратхан Кенжехан. Қаламгер шығармалары қылқаламмен кестеленді

Өскемендегі Жастар саябағында жазушы Оралхан Бөкейдің 70 жылдық мерейтойына орай «Қайдасың, қасқа құлыным?» атты көрме ашылды.

Облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен көрменің ашылу рәсіміне жергілікті ақын-жазушылар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Көрмеге Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Б.Исиннің Оралхан Бөкейдің «Ардақ», «Кербұғы», «Қайдасың, қасқа құлыным?», «Қар қызы», «Қамшыгер», «Апамның астауы», «Құм мінезі», «Кісікиік», «Тортай мінер ақбоз ат» атты шығармаларының желісі бойынша салған акварельді туындылары қойылған. Сондай-ақ, көркемдік салтанат құрған көрмедегі этнографиялық заттар адамзаттың ақылманы – Абай Құнанбайұлының да өмірінен сыр шертіп тұр. Бұл мұралардың барлығы аталмыш мұражай-қорықтың қорынан алыныпты.

Біз әңгіме етіп отырған дүниелер мұражайдың екі бөлмесінің бір бөлігінде жайғасыпты. Ал павильонның кіші залында Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылындағы Оралхан Бөкейдің мұражай-үйінің үлгісі бойынша Катонқарағай аудандық мәдениет бөлімінің құжаттары негізінде жабдықталған кабинет өз жұмысын жалғастыруда.

Көрменің ашылу салтанатында Оралхан Бөкейдің жиені Тоқтарбек Мағзұмов, қаламгердің жерлесі, журналист Әлібек Қаңтарбаев және сөз зергерімен замандас орыс жазушысы Александр Егоров сөз сөйлесе, көркемсөз оқу шеберлерінің О.Бөкей атындағы облыстық байқауының жеңімпазы Маржан Мүсілімбекова оның «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінен үзінді оқыды. Сондай-ақ, Жамбыл атындағы облыстық драма театрының актерлері жазушының «Мынау аппақ дүние» қойылымынан үзінді қойып, салтанаттың көрігін қыздырды.

Айтары мол, тағылымды көрме қазан айының соңына дейін жұмыс істейді.

Мұратхан Кенжехан

Дидар г., 10 қазан 2013 ж.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …