
3 қарашада ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері Өскемен қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 7–8 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіру аясында «Біздің құқықтарымыз бен міндеттеріміз: Конституцияға саяхат» атты музей сабақтарын өткізді.
Сабақ барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ Ата Заңның қоғам өміріндегі маңызы туралы мағлұмат алды.
Іс-шара соңында ұйымдастырылған «Құқықтық марафон» атты тақырыптық викторинада оқушылар өз білімдерін ортаға салып, Конституцияға қатысты сұрақтарға жауап берді.











