

2026 жылғы 10 маусымда ШҚО этнографиялық музейінің қызметкерлері «Жұлдыз» жазғы мектебінің оқушыларына, № 43 мектеп-лицейінің жаныңдағы жазғы лагерь балаларына (көрнекті абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай) «Абай рухы – Қайым мұрасы» атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушылар жазушының шығармашылығы бойынша танымдық дәріс тыңдады. Сондай-ақ оларға «Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығы этнографиялық музейдің қор топтамасында» атты көшпелі көрме ұсынылды.







