No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


2017 жылдың 3 қазаны күні облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының көрме залында егде адамдар күніне  орай Өскемен қалалық әкімдігіне қарасты «Үлбі» әлеуметтік қамту орталығының қызметін пайдаланатын адамдар үшін қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Оған жиналғандар «ШҚО-ның сәндік-қолданбалы өнер шеберлері» атты  экспозиция бойынша жасалған экскурсияны тамашалап, аталған тақырып барысында білімдерін жетілдірді және өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар алды. Экскурсияны халықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкері М.А. Бемм ұйымдастырып, жүргізді.

 

Фото Алексея МазницынаФото Алексея Мазницына

27 қыркүйекте Өскеменде Дүниежүзілік туризм күніне орай ауқымды мереке болды. Онда аймақтағы озық туристік фирмалар мен аталған саланың үздік қызметкерлері марапатталды. Аталым бойынша марапат көргендерге сыйлықты облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов табыстады.

Іс-шара барысында «Үздік экскурсия жүргізуші-гид» аталымын облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қызметкері Елена Дроздова жеңіп алды. Ол экскурсияларды өте биік әдістемелік деңгейде өткізіп келеді. Ал «Үздік суретке түсіруші» аталымында әр суретінде ШҚО-ның сұлу жерлері мен адамдарын  биік дәрежеде және қалыптан тыс өреде көрсете білген тамаша суреттері үшін Алексей Мазницынның еңбегі бағаланды.

 

Лучший работодатель города Усть-КаменогорскаЛучший работодатель города Усть-КаменогорскаЛучший работодатель города Усть-Каменогорска

Өскемен қаласының әкімдігі қаладағы әлеуметтік серіктестікті нығайту және дамыту,  халықты жұмыспен қамтуға, тиімді де өркениетті еңбек нарығын құруға ықпал ететін жұмысберушілердің кадрлық қызметтерінің басшылары мен қызметкерлерін анықтау және ынталандыру мақсатында 2017 жылғы 12 шілде - 15 қыркүйек аралығында конкурс өткізді.  

Конкурс қорытындысы бойынша «Жұмыс орындарын құру және сақтап қалу» аталымында музей-қорық директоры  Н.А.Зайцев «Өскемен қаласының халықты жұмыспен қамту саласындағы үздік жұмысберушісі» дипломымен және белгісімен марапатталды. 

 

В рамках программы «Рухани жаңғыру» и празднования 25-летия Дома дружбы -фестиваль «Кавказ пати»В рамках программы «Рухани жаңғыру» и празднования 25-летия Дома дружбы -фестиваль «Кавказ пати»

2017 жылдың 24 қыркүйегі күні музей-қорықтың Солжағалық этнографиялық кешеніндегі киіз үйдің сахнасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Кавказ пати» фестивалі болып өтті.

Мерекелік бағдарлама барысында ингуш, чечен, дағыстан халықтарының қан қыздырар билері орындалды. Оларды жиналған көпшілікке «Вайнах» атты чечен-ингуш этномәдени бірлестігінің, «Арарат» атты армян этномәдени бірлестігінің және «Азери» атты   әзербайжан этномәдени бірлестігінің өкілдері мен «Кавказ» лезгинка мектебінің шәкірттері ұсынды.

Суретті түсірген Алексей Мазницын

 

Мероприятие «Язык – опора дружбы»Мероприятие «Язык – опора дружбы»Мероприятие «Язык – опора дружбы»Мероприятие «Язык – опора дружбы»

21 Қыркүйек 2017жылы  сағат 12-00 де ақпараттық білім-бөлімі мемлекттеік тілде, тілдер мерекесіне орай «Тіл достықтың – тірегі» атты іс-шара өткізді.Іс-шараға Өскемен қаласының № 3 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара аясыңда «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы» туралы мағұлмат айтылып, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсіреповтардың  тіл жайлы айтылған қанатты сөздері қолданылды.Қазақстан халқы Ассамблеясының біздің еліміздегі маңызымен рөлі, көп ұлтты еліміздің татулығымен бірлігі айтылды.

Іс-шара соныңда викториналық сұрақ-жауаппен, тіл жайлы мақал -мәтел мен жұмбақтар қойылды.

 

 


Page 81 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 829
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …