Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының «Алтай» галереясында 7 сәуірде алғаш рет риддерлік суретші Валерий Ноздрин картиналарының «Жыл мезгілдері» атты дербес көрмесі ашылады.
Экспозицияға 46 кескіндемелік туынды енген, олардың әрқайсысы - суретшінің қоршаған ортаға деген көзқарасын паш етеді. Қылқалам шеберінің көңіліне жағымды жанры – пейзаж. Валерий Ноздриннің табиғатқа деген өзіндік қарым-қатынасы бояу мен қылқалам арқылы мүмкін еместі дүниеге әкеледі, яғни керемет бір тылсым дүниені – хош иістердің және сәл ғана естілгендей болып, тыныштыққа ауысатын дыбыстардың сиқырлы аурасын сезіндіреді. Табиғатқа еліктеу – оның формалары мен түстерінің сиқырын көре білу деген сөз. Оның туындылары күнделікті үйреншікті дүниеге жаңаша қарауға үйрететін және әркімге өзіндік бір сезімнен туындаған керемет эмоциялар толқынын сыйлайтын картиналар деуге болады.