No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


лучшие анимации2016 жылғы 21 желтоқсанда ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің мамандары Өскемен қаласының кіші жастағы балалары үшін дәстүрлі жаңажылдық таңертеңгілік өткізді. Театрландырылған қойылым Қ. Қайсенов көшесіндегі көрме корпусының залында өтті. Таңертеңгілікке №4 орта мектептің оқушылары қатысты.     

Қар Ханымы Жаңажылдық Түн Сиқыршысынан сиқырлы сағатының минуттық тілін тартып алып, Жаңа Жыл ешқашан басталмасын деп уақытты тоқтатып қойды. Қаршалар Ақшақарға шағымданады, бірақ Ақшақар Жаңажылдық Түн Сиқыршысымен балаларды мұңаймауға және көңілденіп би билеуге шақырады. Сол кезде Аяз Ата көмекке келіп, балаларға жоғалтып алған сағат тілін қайтарып береді. Балалар қуанып, таңертеңгіліктің кейіпкерлерімен ойын ойнап, шыршаны айналып ән салып, би билеп, Аяз Ата мен Ақшақарға тақпақтар оқиды. Таңертеңгілік жаңажылдық құттықтаулар мен сыйлықтар таратумен аяқталады.     

 

Астанада өткен конкурста Өскемен мен Семей қалаларынан барған қолөнершілер өз жұмыстарын тек аталым бойынша ғана емес, мерекелік жәрмеңкеде де көпшілікке ұсына алды.

Шығысқазақстандық шеберлерді республикалық «Шебер-2016» байқауына апаруды музей-қорықтың СҚӨ бөлімінің аға ғылыми қызметкері және ШҚО ҚРО-ның үйлестірушісі Райса Мұхамеджанова ұйымдастырды.

 

К 25-летию НезависимостиФото Алексея Мазницына2016 жылғы 8 желтоқсанда музей-қорықта Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясының аясында  «Исток» мектебінің оқушылары үшін «Алаш» арыстарына арналған лекция өтті. 2016 жылы «Алаш» партиясының жетекшісі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толды,   2017 жылы  - «Алаш» партиясының 100 жылдығы атап өтілмек. Оқушылар «Алаш» арыстарының өмірбаяндарынан, Алаш автономиясы үшін күрес тарихынан хабардар болды. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстың басында тұрған Алаш арыстарының мерейтойларымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесінің сай келуінің өзі жақсылықтың нышаны болса керек.

 

К 25-летию НезависимостиФото Алексея Мазницына

«25 жұлдызды күн» акциясының аясында 6, 13 желтоқсанда ҚАЕУ мен ТЭК колледжінің студенттері үшін музей-қорықта «Президент пен халық біртұтас» тақырыбында лекция оқылды.

Саяси тарих президенттік институттың мемлекеттер өміріндегі айрықша маңызы туралы айғақтайды. ҚР Президентінің ерекше мәртебесі және өкілеттігіне сәйкес, оған заңдылықтың және қоғамдық игіліктің  сақталуы үшін айрықша жауапкершілік жүктелген, бұл орайда президент конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекетіміздің азаматтары құқықтарының және бостандықтарының тұрақтылығы үшін кепіл болып табылады.

 

К 25-летию НезависимостиФото Алексея Мазницына2016 жылғы 10 желтоқсан.Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында  Өскемен қаласындағы № 17, 23, 36 мектептер үшін музей-қорықта Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» акциясы аясында іс-шаралар ұйымдастырылды. танымдық ойын бағдарламасының барысында орта және төменгі сынып оқушыларына «Астана – болашақ қаласы», «Жер - әрі жас әрі көне» атты бейнефильмдер көрсетілді. Оқушылар арасында ҚР рәміздері бойынша викторина өткізілді, шашу шашылды, «Бір отар қойды қыстауға айдап апар», «Тақия ки», «Көкпар», «Сиқырлы қоржын» тақырыптарында конкурстар ұйымдастырылып, Отан туралы өлеңдер оқылды. Мерекеге қатысушылар соңында «Қара жорға» биін билеп, көңіл көтерді.

 


Page 88 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 829
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …