No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


2025 жылғы 18 маусым күні Арбатта Шығыс Қазақстан сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Қымызмұрындық» іс-шарасы өтті.

Жадырап жаз келгенде бие байлап, саба-саба қымыз жинап, ел жұрт бір-біріне амандық тілеп, көрші-қолаң, ағайын жұртты қымызмұрындық мерекесіне шақырады. Алғашқы қымыздан дәм татқызу мақсатында ұйымдастырылатын бұл тойды қымызмұрындық деп атайды. Аталған дәстүр – халқымыздың қонақжайлылығын, жомарттығын, мәрттігі мен береке-бірлігін білдіреді.

 

ШҚО музей-қорығында «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасы аясында 22 мамыр – «Әкем – тірегім, анам – жүрегім!» «Отбасылық құндылықтар үйлесімділігі» сайыс-ойын бағдарламасы өтті. Оған музей қызметкерлері балаларымен бірге қатысты. Іс-шараға қатысушылар викторина сұрақтарына жауап беріп, эстафеталарға, күш пен тапқырлық ойындарына қатысып, би биледі. Барлық балаларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Балалар мен ата-аналар  іс-шарадан ерекше әсер алып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

 

2025 жылдың 16 мамырында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығында «Музейдегі түн-2025» Халықаралық музейлік акция өтті. «Тағдырға айналған кәсіп» атты акцияның тақырыбы Жұмысшы мамандықтарының жылына орайластырылған, осыған байланысты музей-қорық облыс орталығының тұрғындары мен қонақтарына ауқымды мәдени-танымдық жобаны ұсынды. Акция аясында мерекелік концерт өтті, оған облыстық филармония, драма және оперетта театрының солистері, сондай-ақ, Достық үйінің солистері қатысты. Келушілер қолөнершілік пен киімдерді қалпына келтіру және тоқымашылық бойынша шеберлік дәрістерге, сондай-ақ, көрме-жәрмеңкеге, квест ойындары мен ұлттық ойындарға қатысты. Отбасылық демалыс үшін «Көңілді демалыс өткізу» қарастырылды, онда балалар ойнап, сурет салумен қатар, халықтың еңбек құралдарымен таныса алды. Сондай-ақ, келушілер үшін сауда қатарлары мен тантамарескалар, яғни суретке түсуге арналған стендтер орнатылды.

 

ШҚО музей-қорығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай жерлесіміз, ҰОС ардагері, «Халық Қаһарманы» Қасым Қайсеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Аңызға айналған Қасым Қайсенов» атты экспозиция ашылды. Экспозицияның тұсаукесеріне ұлы Болат Қайсенов пен туыстары қатысты.

Қосымша фотосурет...

 

2025 жылдың 5-12 мамыры аралығында «Император» сауда кешенінде Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған «1941-1945... жылдар, ғасырлар өтсе де – ұмытылмайды» атты ШҚО музей-қорығының көрмесі жұмыс істейді. Көрмеде соғыс жылдарындағы тұрмысты шынайы көрсететін интерьер элементтері, яғни 40-шы жылдардағы тұрмыстық заттар, баян, патефон және жиһаз сияқты бірегей жәдігерлер қойылды. Дайындалған экспозиция – бұл халықтың жауынгерлік ерлігі туралы естелік. Батыр бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз және мақтан етеміз!

 


Page 2 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 832
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …