No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


2023 жылғы 3-14 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облыстық музей-қорығында ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскерлері қала мектептерінің бастауыш сынып оқушыларына арнап «Туған күн иесінің күні» атты театрландырылған қойылым өткізді. Балалар этнографиялық дәстүрлерде  көңілді де топтасқан күйде достарын құттықтап, үй иесінің мекенінде болды, Жұлдызшамен және Хоттабыч қартпен кездесті, Лол қуыршағымен модельдер көрсетілімін өткізді. Онда ешкім де назардан тыс қалған жоқ: құттықтаулар, ойындар мен байқаулар, ертегілерге саяхат, сыйлықтар беру – бүкіл іс-шараға  мерекелік ауан берді. Ерекше өткен бағдарламаға 300-ден астам бала қатысты.

 

4 сәуірде ғылыми-ағарту және көпшілікпен жұмысы бөлімінің әдіскері Овчинникованың Е.С. дайындаған зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған Шығыс Қазақстан арнайы кітапханасының қызметкерлері мен келушілері үшін "ШҚО халықтарының этнографиялық мұрасы" атты іс-шара өтті. Онда музей қорынан алынған  жәдігерлер, атап айтқанда, музыкалық аспаптар, қайың қабығынан жасалған ыдыс-аяқ, киіз бен былғарыдан жасалған бұйымдар, тоқыма бұйымдары ұсынылды. Кездесуге қатысушылар біздің аймақта тұратын халықтың өмірінен алынған қызықты фактілер мен ерекше дәстүрлер туралы білді: мысалы, неміс қыздары тұрмысқа шыққанда ақ емес, қара көйлектер кисе, ал марийліктер жат ғаламшардағы адамдардың шығу тегіне сенеді. Іс-шара жанымызда жүрген адамдардың дәстүрі жайлы терең мағлұмат алуға мүмкіндік бергені үшін жақсы пікірлер мен жарқын ой қалыптастырды.

 

2023 жылдың 29 наурызында ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі әдіскері В.В. Щеглов, Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, халық депутаттары Өскемен қалалық Кеңесінің төрағасы (1968-1980 жж)  Василий Севастьянович Карпенкоға (1923 – 2013 гг) арналған «Өткен заман батырлары туралы» атты ерлік сабағы өтті. Іс-шара мұрағаттық фотоқұжаттарды көрсетумен сүйемелденді. Өскемен қаласындағы «№ 36 орта мектеп» КММ-нің 5-сынып оқушылары батылдық сабағының қатысушысы болды. Тыңдаушылар саны – 41 адам.

 

 

2023 жылдың 28 наурызында музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері Л.М. Асылова, Г.М.Бекбердинова, М. Адамбай, Өскемен қаласы әкімдігінің «№37 Негізгі мектеп» КММ қасындағы шағын – орталығыныда Наурыз мейрамына арналған «Қазақ киіз үйінің ішкі безендірілуі» атты көшпелі көрме және «Салем, Наурыз!» атты  іс-шара ұйымдастырды. 

 

Достық үйінің жанындағы алаң – Қоғамдық келісім орталығы орыс ұлттық тағамдарының көрмелері қойылған орынға айналды, олардың арасында «жаворонки», «тетёры» сияқты тағамдар пісірді, көктемгі күн мен түннің теңелуі күніне дәстүрлі түрде дайындалды және бұл біздің күндерімізге дейін ежелден келе жатыр. Олардан бөлек құймақ, бәліш және т.б. да дәстүрлі тағамдар дайындалды, сондай-ақ самауырдан шай ұсынылды. Мерекеде «Шеңберде қаптармен күрес» атты дәстүрлі орыс әзіл байқаулары ұйымдастырылды. Бұл орыс ойыны Масленица сияқты жаппай орыс мерекелерінде өтті. Балалар бұл жарыстарға ықыласпен қатысып, көрермендерді қуантты және қатысқаны үшін сыйлықтар алды. Қамту: 1500 адам.

 

 


Page 8 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 832
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …