No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


2023  жылғы 13-17  наурыз аралығында Өскемен қаласының №11, №19, №34, №36 мектеп оқушылары; Абай атындағы Шығыс Қазақстан Гуманитарлық колледжінің 1 курс студенттері үшін мұражай-қорықтың ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлерімен мерекенің тарихы мен салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп, мұражай-қорықтың қор жинақтарындағы экспонаттарды көрсете отырып "Наурыз – бейбітшілік пен ізгілік мейрамы" ақпаратты-сауықтық іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар  ұлттық ойындарымен және конкурстарымен сүйемелденді. Іс-шараларға 270 адам қатысты.

 

Терең дәстүрлі құндылықтардың қайнар көзі және ұлттың бірегейлігін құрудың жоғары шоғырландырушы әлеуеті мен тетігі бар аса маңызды бүкілхалықтық мерекелердің бірі – Наурыз мейрамы қарсаңында музей-қорық директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлжан Кашакуқызы облыстық «Алтай» телеарнасының және «Дидар» газетінің журналисттерімен кездесті. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпы жайлы әңгімеледі. Осы орайда, музей-қорықтың Солжағалық кешенінде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттау мақсатында көпшілік іс-шаралар, дәрістер, тақырыптық және шолу экскурсияларын үнемі  өткізілетінін баяндады. Жаз мерзімінде қазақ ауылында тұсаукесер, беташар дәстүрлері көрсетіліп, қымызмұрындық, ұлттық домбыра күні сынды халықтық мерекелер тойланатыны тілге тиек болды. Әңгіме арқауы атқарылған істер болса, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен де бөлісті. Сөз соңында, Солжағалық этнографиялық кешен қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеуге, достық пен келісімді нығайтуға, дәстүрлерді, салт-саналар мен әдет-ғұрыптарды жаңғыртуға өзіндік үлес қосып отырғанын баса айтты.

 

 

2023 жылы 14 наурызда халық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің ғылыми қызметкері Ж.Т. Рахатова «ШҚО Балалар және жасөспірімдер» кітапханасында «Амал» мерекесі немесе Көрісу күніне орай жылжымалы «Дәстүр мен тарих» атты жылжымалы көрме ұйымдастырып өткізді. Көрмеде музей-қорық қорының дәстүрлі және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары келушілер назарына ұсынылды. Әрбір туындының дәстүрі мен тарихы жайлы мағлұмат берілді.

 

2023 жылдың 14 наурызы мен 17 наурызы аралығында музей-қорықта «Әз Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы» атты театрландырылған танымдық бағдарлама өтті. Шараға қаладағы No30, No36, No19, No24, No17, No12 орта мектептердің және «Бриг» жеке кәсіпкерлік мектебінің балалары қатысып, Оларға Наурыз мейрамының кездесуі туралы бейнероликтер элементтері бар театрландырылған қойылым ұсынылды. Театрландыру барысында басты кейіпкерлер: Наурыз, Ақ-Әже, Жүргізуші Жалмауыз кемпір балаларға мерекенің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы айтып берді. Балалар ертегілер әлеміне қуана сүңгіп кетті: олар қазақтың халық ойындарын ойнады, жарыстарға қатысты. Музей қорынан мерекелік безендірілген киіз үй экспозициясының фрагменті болды.

 

2023 жылғы 22 ақпанда ШҚО музей-қорығы  ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі әдіскері Ә.М. Құмарбеков Өскемен қаласындағы №8 ОМ-да Ауғанстандағы соғысқа қатысып,  бөтенел халқының тыныштығы үшін өмірін қиған интернационалист-жауынгер Ю.Г. Троеглазовты еске алуға арналған іс-шараға қатысты. Кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарылған кезден бері 34 жыл өтті, бірақ сол бір күндерді еске алу әлі күнге дейін жүректерге салмақ салып келеді.

Ю.Г.Троеглазов №8 орта мектептің оқушысы болды және ол сол кезде бүгінгі күні осындай маңызды іс-шараға ерекше көңіл бөліп, салтанатты түрде қатысқан осынау балалардан сәл ғана үлкен еді. Музей қызметкері "Ауған қопарылысы" атты көрменің жәдігерлерін  ұсынып, ауғандық жауынгерлер туралы баяндама әзірледі. Оқушылар арасында интернационалист жауынгерлер, сол біроқиға куәгерлері де болды. Мұндай бірлескен кездесулер ешқашан да мән-мағынасыз  өтпейді, олар балалар бойында өздерінің даңқты жерлестерініңерлігі мен табандылығына деген мақтаныш сезімін тәрбиелейді.

 


Page 9 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 832
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …