No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


2023 жылдың 1-20 ақпан аралығында Ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының № 7, 11, 18, 19, 29, 34, 36, 38, 39, "Калейдоскоп" балалар сауық орталығы оқушыларына арналған "Қош келдің Масленица! Масленица тақырыбындағы орыс суретшілерінің картиналары» экскурсияларын өткізді.

Экскурсия мерекенің тарихы мен дәстүрлері туралы әңгімемен сүйемелденді. Келушілер В.И.Суриков, К. Е. Маковский, Б. М. Кустодиев, П. Н. Грузинский сияқты орыс суретшілерінің Масленица тақырыбындағы суреттерімен танысты. Сондай-ақ, балалар арнайы дайындалған мерекелік викторина мен халық ойындар мен жарыстарға қатысты. Іс-шара соңында барлық балаларға арналған масленица тақырыбындағы мерекелік мультфильм көрсетілді. Іс-шараны қамту: 506 адам.

 

ШҚО музей-қорығының ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері Өскемен қаласының орта мектеп оқушыларына арналған "Масленица көктемді еріп келеді" атты театрландырылған танымдық іс-шара өткізеді. Мереке Масленица апталығында өтетін халықтық мерекелердің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қамтиды. Залдың дизайны іс-шараның тақырыбына сай келеді, мұнда музей-қорықта мұқият сақталған жәдігерлер қойылған.Театрландырылған іс-шараның  басты кейіпкерлері – отана Люкерья, Кузьмич ата, сондай-ақ, Масленицаның басты символын сиқырлы дайындау нәтижесінде өмірге келген Құймақ балалармен қызықты ойын-күлкілер, аңыздар, мақал-мәтелдер түрінде ақпаратпен бөліседі. Құймақ жайындағы хороводтар, өлеңдер, халық ойындары мен частушкалар нағыз көпшілік  мерекелердің ауанын жасайды. Іс-шара екі апта бойы өтеді, осы уақытта мерекеге 300-ден астам бала қатысады.

 

2023 жылғы 17 ақпанда ғалым, публицист, қазақ мәдениетінің білгірі, мәдени революцияның белсенді қатысушысы, талантты ұйымдастырушы, КСРО-ның көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақ КСР - нің 1-ші ағарту халық комиссары Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.

 

2023 жылдың 16 ақпанында музей-қорықта Сеулдегі Донгук университетінің профессоры, Әлеуметтік ғылымдар колледжінің президенті, Жаһандық мәдени зерттеулер жөніндегі Корей қауымдастығының президенті Ким Джун Гван қонақ болды. Музей-қорық директоры, Шығыс Қазақстан корейлер қауымдастығының төрағасы Тен Арсен Владимирович Шығыс Қазақстанда тұратын корейлердің салт-дәстүрін сақтау және насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын іс-шаралармен таныстырды. «Біз – Қазақстан халқымыз» экспозициясы бойынша халықтар және азсанды этнотоптар этнографиясы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері А.Григорьева экскурсия жүргізді. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Халифа Алтай мешіті жанындағы Ислам мәдениеті музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

 

2023 жылғы 9 ақпанда Орыс мұражайының мультимедиа орталығында Ресей және ТМД елдерінің музейлерінің өкілдері қатысқан ауқымды музейаралық жобаның онлайн-тұсаукесері өтті.

Санкт-Петербург қаласы Мемлекеттік орыс музейінің "Орыс музейі: виртуалды филиалы" халықаралық жобасы және ынтымақтастық аясында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Шынар Карибаева қазақстандық музейлер арасында көрмені ұйымдастырып, модератор болды.  Жұмысқа Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы, Ш. Сариев атындағы Атырау облыстық көркем сәндік-қолданбалы өнер музейі, Қарағанды облыстық бейнелеу өнері музейі,  Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік музейі қатысты.

 


Page 10 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 832
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …