No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


15 ақпанда ұмытылмас күн – Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні атап өтіледі. ШҚО музей-қорығында музейде еңбек ететін интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсетілді. Оларға алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді. Музей әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті құттықтау сөз сөйлеп, әріптестері мен іс-шара қонақтары әндер шырқады. Ардагерлер атынан М. Селиванов пен А. Құрымбаев  сөз сөйлеп, сол бір қиын жылдар туралы естеліктерімен бөлісті. Олар өз борыштарын атқара отырып,  болашақ ұрпаққа үлгі боларлық батылдық пен ерлік көрсетті.

 

ШҚО музей-қорығында Жеңістің 80 жылдығына және Ленинград блокадасының жойылу күніне орай Лев Гумилев атындағы № 38 гимназия оқушыларына арналған «Блокада балалары» интерактивті шеберханасы өтті.  Іс-шара барысында оқушылар қазіргі заманғы мультимедиа құралдарының көмегімен Ленинград қоршауының жас тұрғындарының күнделікті өмірі туралы әңгімелерімен танысты, қоршаудағы қалада өмір сүрген балалардың әңгімелерін тыңдады, Қазақстан мен ТМД елдері музейлерінің коллекцияларынан деректі фотосуреттер мен көркем туындыларды, соның ішінде қоршаудағы Ленинградта жас суретшілердің жасаған суреттерін көрді.

 

2025 жылдың 17 қаңтары күні ШҚО мәдениет басқармасының қолдауымен Солжағалық кешенде ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін Ескі Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара өтті!

Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы, Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры, ШҚО білім басқармасы мен музей-қорықпен бірлесіп «Ақниет» орталығының тәрбиеленушілері мен Өскемен қаласындағы №8, №19, №37 мектептердің оқушылары үшін театрландырылған қойылымдар, қызықты ойындар және сазды әуендермен интерактивті бағдарлама дайындады.

Балалар мерекелік шарадан керемет әсер алып, соңында оларға сыйлықтар тарту етілді! Бұл шара ерекше қонақтарымыздың барлық қажеттіліктері мен жайлылығын ескере отырып ұйымдастырылды.

 

2024 жылғы 21 желтоқсанда музей-қорықтың Солжағалық кешенінде «Аяз Ата, Ақшақар - 2024» республикалық фестивалі аясында Аяз Ата қысқы резиденциясының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу күні қысқы резиденцияға 500-ден астам келушілерді, қала тұрғындары мен қонақтарды қабылдады. Тақ залында балалар мен ересектер Аяз Атамен сөйлесіп, хат жазып, естелік фотосуретке түсіре алды.

Сондай-ақ, іс-шара қонақтарын концерттік және ойын бағдарламасы, мәнерлеп сырғанаушылардың өнер көрсетуі, «Нұр туған» Ежелгі мерекесінің орындалуы күтіп тұрды.

 

2023 жылғы 4 тамызда, қазақстандық медиаторлардың кәсіби мерекесі қарсаңында ШҚО музей-қорығының Солжағалық кешені аумағында "Бейбітшілік және келісім" тақырыбында кездесу болып өтті. Кездесуге музей-қорық әкімшілігінің өкілдері, ұжым мүшелері, сондай-ақ, "Шаңырақ" Шығыс Қазақстан медиация орталығының басшысы Е.А. Әбдрахманова, ШҚО бойынша облыстық соттың судьясы А.В. Володкина, бітімгер судьялар С.Ж. Данышпанова, А.С. Карманов, А.А. Қасенова, Ж.С. Қасенова, журналистер қатысты. Е.А. Әбдрахманова мен А.В. Тен ұжым алдында кіріспе сөз саптап, қазіргі қоғам жағдайында өзекті болып табылатын дауларды баламалы түрде шешу институтының маңыздылығын атап өтті.

 


Page 5 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 832
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …