No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


2022 жылғы 14-23 наурыз аралығында «Император» сауда кешенінде музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкерлері «Күн дидарлы Наурыз нақыштары» атты көшпелі көрме ұйымдастыруда. Көрмеде ежелгі және қазіргі заманғы қазақ сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің бұйымдары, қазақ киіз үйінің ішкі мүкамалдары ұсынылды. Көрме әр түрлі жастағы келушілердің қызығушылығын тудыратыны сөзсіз.

 

Наурыз – көктеммен бірге келетін, мыңдаған жылдардан бері атап өтіліп келе жатқан мереке. Ол Шығыс халықтарында жыл басы болып саналады және табиғаттың жаңаруын бейнелейді.

ШҚО музей-қорығының ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі 2022 жылдың 14 – 18 наурыз күндері  қала мектептерінің бастауыш сынып оқушылары үшін Наурызға арналған театрландырылған-танымдық бағдарлама өткізеді. Іс-шараның басты кейіпкерлері киіз үй иесі, оның қызы Наурызгүл, Отжүз-кемпір мерекенің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы айтып, киіз үйдің мүкәмалдарымен таныстырады, балалармен қазақтың халықтық ойындарын ойнайды.

 

2022 жылдың 22 ақпанынан 6 наурызына дейін ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі «Кең ауқымды Масленица, біз сені мақтан етеміз!» атты театрландырылған танымдық бағдарлама өткізуде. Іс-шараға қатысушылар – қала мектептерінің бастауыш сынып оқушылары орыстың халықтық Масленица мерекесінің дәстүрлерімен танысады. Театрландыру үдерісінде басты кейіпкерлер: үй иесі әйел, көгілдір көктем және қыс үшеуі бірлесіп, көңілді ойындар өткізеді, жұмбақтар жасырады, мерекенің әрбір күнінің мәні туралы әңгімелейді. Ертеңгіліктің соңғы сәтінің сәнін тәтті құймақ келтіреді. Іс-шарада музей қорынан алынған жәдігерлер қолданылуда.

 

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні аталып өтіледі. Бұл мерекені атап өте отырып, Қазақстан қиын кезеңдерде миллиондаған жер аударылған адамдарды қабылдаған қонақжай мемлекет ретінде ашыла түседі. Музей-қорық облыстық «Qazaq eline myn tagzym!» атты форум аясында  Достық үйінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күніне орайластырылған «ШҚО халқының этнографиялық мұрасы» атты көшпелі көрме өткізді. Ғылыми бөлімдердің қызметкерлері Достық үйінің фойесінде музей-қорық қорындағы жәдігерлердіжайып салды және форумға қатысушылар мен қонақтарға Шығыс Қазақстан халқының материалдық мәдениеті, атап айтқанда, олардың ұлттық киімдері мен тұрмыстық заттары туралы айтып берді.

 

28 желтоқсанда Самал саябағында және Солжағалық кешен аумағында қысқы маусымның салтанатты ашылуы өтті.  Негізінен қала тұрғындары мен қонақтары мұзайдындары мен мұз төбешіктерінің ашылуына шақырылды. Самал саябағында шаңғы жолы да жасалған.

Қала әкімі Жақсылық Омар қатысқан қысқы маусымның ашылуы бойынша негізгі салтанаттар Солжағалық кешенде өтті. Мұзайдынында «Звездный» мәнерлеп сырғанау клубының мәнерлеп сырғанаушылары Маргарита Мирошниченко мен София Мұхамедкаирова өнер көрсетті. Музей-қорықтың қазақ этнографиясы бөлімінің қызметкері Жанбота Шерікбайдың орындауында жерлес ақын Қалқаман Сариннің поэтикалық шығармалары шырқалды. Ал орыс этнографиясы бөлімінің меңгерушісі Александр Яковлев пен бөлім қызметкері Марина Солонец Аяз Ата мен Ақшақардың рөлдерінде атқа жегілген күймемен келіп барлық келушілердің алдында керемет өнер көрсетті. Ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің әдіскері Ольга Савельеваның қатысуымен балаларға арналған ойын бағдарламасы да салтанатты түрде өтті. Ол үнемі өз бейнелерімен айналасындағыларды қуантады. Бұл жолы Ольга Михайловна күлкілі гном бейнесінде болды.

 


Page 17 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 832
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …