No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


2022 жылғы  6 маусымда ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері Ш.М.Карибаева, А. Асыл, А. Амангелді, №29 орта мектебінің оқушыларына орыс суретшісі Иван Николаевич Крамской жайында «И. Н. Крамской. Жан ақтарған суретші" дәрісін өткізді

Иван Николаевич Крамской орыс суретшілерінің арасында ерекше орын алады. Ол талантты суретші, қоғам қайраткері ретінде ғана емес, сонымен бірге Ресей халқының көркемдік ағартылуына, бүкіл елде өнер мектептерінің, мектептер мен мұражайлардың пайда болуына ықпал еткен өнер сыншысы ретінде де танымал. Ол тұрмыстық, тарихи, портреттік жанрларда жұмыс істеді. Бірақ портрет жанрында үлкен жетістікке жетті. Адамның ең бастысы – "адамдағы адамгершілік".  Крамской XIX ғасырдың екінші жартысындағы орыс көркем мәдениеті тарихындағы жетекші орындардың бірін алды.

 

 
2022 жылдың 6 маусымы күні музей-қорықта Ұлытаудың 72 жастағы тұрғыны, сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру шебері, осы жылдың 31 наурызынан бастап Қазақстан аумағының мыңдаған шақырымын еңсеріп, еліміздің 10 қаласына табан тіреген Сәрсенбай Қотырашевпен кездесу өтті. Жиһанкездің мақсаты – еліміздің басқа өңірлерінің тұрғындарын Ұлытау ауданының тарихымен және киелі жерлерімен таныстыру, қолөнершілік кәсіпті дамыту. Кездесуге заманауи сәндік-қолданбалы өнер шеберлері, "Білім инновация" лицейінің оқушылары шақырылды, олар саяхатшының бағыт-бағдары, Отанымыздың қалалары мен елді мекендері тұрғындарымен кездесулері және осынау бір қызық тағдырлы адамның өмірбаяны туралы сұрақтарға жауап алды.
 

06.06.2022 ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері Ш. М. Карибаева, А. Асыл, А. Амангелді, Өскемен қаласының №29, 38 жалпы білім беретін мектептері үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздігіміздің рәміздері" тақырыбында "Мемлекеттік рәміздер туралы не білемін?" атты викторинасы бар дәріс өткізді.

 

2022 жылғы 18 мамырда ШҚО музей-қорығында Балалар жылына және ТМД елдерінің халықтық мәдениетіне арналған "Музей түні-2022" дәстүрлі акциясы болып өтті. Ашылу салтанаты сағат 18.00-де Қ.Қайсенов атындағы этнобақта бастау алған мерекеге С.Вивекананда атындағы (Нұр-Сұлтан қ.) үндімәдени орталығынан келген қонақтар, қаланың үздік балалар ұжымдары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, "Ертіс-концерттің" вокал орындаушылары қатысты. Кеш жүргізушілері Ж.Дәлелханов пен Ю. Павленко саябақтың орталық алаңында 2 сағаттық бағдарлама өткізді. Қонақтар – үндімәдени орталығының директоры (Нұр-Сұлтан) Санджай Веди мырза мен «Казцинк» ЖШС бас директорының сапаны бақылау жөніндегі кеңесшісі Дилип Джоши мырза құттықтау сөзін  сөйледі.

 

2022 жылғы 18 мамырда сағат 11.30-да ШҚО музей-қорығының Қ. Қайсенов атындағы этнобақ аумағындағы Р. Тагордың кеудемүсіні орнатылған  алаңда үнді халқының ұлы перзентіне  құрмет көрсетіліп, гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті. Салтанатты шараға ШҚО музей-қорығының директоры Арсен Тен және музей-қорық қонақтары – С.Вивекананда атындағы үнді мәдени орталығының директоры (Нұр-Сұлтан қ.) Санджай Веди мырза, үнді дәстүрлі би және ән мұғалімдері қатысты. Сондай-ақ, Өскемен қаласындағы № 26 мектептің оқушылары мен музей қызметкерлері Р. Тагордың өлеңдерін қазақ және орыс тілдерінде орындады. Іс-шара "Музей түні-2022" атты ауқымды мәдени-ағарту бағдарламасы аясында өтті. Іс-шараға қала қонақтары, музей қызметкерлері,  оқушылар мен колледж студенттері, барлығы 50-ден астам адам қатысты.

 


Page 14 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 832
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …