No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


2022 жылдың 3 шілде күніхалықтық және сәндік-қолданбалы өнер бөлімінің қызметкерлері «Ұлттық Домбыра күні» мерекесіне арнап музыкалық аспап  жасайтын шеберлер; Е.Н. Ахаев, Қ.Ә. Ибраев, Ж. Қазез қатысуымен және сәндік-қолданбалы өнер шеберлері; Б.А. Дәлентаев, Т.Л. Сазонова, А. Кузьмина қатысуымен мерекелік іс-шара  ұйымдастырып, өткізді. Музей-қорықтың Солжағалық кешенінде өткен көрмедекелушілер назарына қазақтың ұлттық аспаптарын ұсынды және домбыра жасау бойынша шеберлік-дәріс өткізді, сондай-ақ әртүрлі сәндік бұйымдардың көрме-жәрмеңкесіде болды. Көрмеде: 500-ден астам адам болды.

 

2022 жылдың 23-24 маусымында мұражай-қорық қызметкерлері облыстың орталығы Өскемен қаласында мұражай, кітапхана қызметкерлері, ЖОО, колледж оқытушылары және мәдени мекемелердің мамандары үшін Алматы қаласындағы Д. А. Қонаев музейінің қызметкерлерімен спикерлік кездесу ұйымдастырып, өткізді. Сондай-ақ, жеке заттар, фотосуреттер мен құжаттар қойылған "Д.А. Қонаевтың естеліктері мен өмірі" көрмесін құрды. Спикерлер музей-қорық директоры А. В.Тенге зор алғыс пен құрмет білдірді.

 

2022 жылғы 22 маусымда Өскемен қаласының  Қ. Қайсенов атындағы саябағында "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында және Президент жариялаған Балалар жылына орай қолөнер шығармашылығының "Шығыс кәдесыйы" атты кезекті фестиваль-конкурсы болып өтті, онда қала әртістерінің қатысуымен концерт, "Шығыс кәдесыйы" республикалық конкурсы жеңімпаздары жұмыстарының көрмесі, кәдесыйлар мен бұйымдар жәрмеңкесі, қолөнершілердің шеберлік дәрістері, атап айтқанда, 12 түр бойынша: қазақ дәстүрлі қолөнері бойынша: тоқу, кестелеу, ши тоқу, қамшы өру, арқан ширату; стильдендірілген орыс тоқымасы, орыстың қоғадан жасалған дәстүрлі тоқымасы, саздан жасалған кәдесыйларды мүсіндеу, қыш құмыралар мен ыдыстарды дәстүрлі нақышта  мүсіндеу, ағашқа ою салу және бояу, киіз басу, құрақ құрау бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге 20-ға тарта шебер қатысты. Қатысушылардың негізгі бөлігі -  конкурсқа қатысуға өтінім берген 35 адам.

 

Халықаралық ынтымақтастық аясында 2022 жылдың 18 маусымында музей-қорықтың Ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері Ш.М. Карибаева, А. А. Асыл, А. Амангелді ҚР-дағы Үндістан елшілігінің С.Вивекананда  мәдени орталығымен бірлесіп Қасым Қайсенов атындағы саябақта Халықаралық йога күнін өткізді.

Йога әуесқойлары мен Өскемен қаласының тұрғындары мереке және сыйлықтар үшін Қазақстан Республикасындағы Үндістан Елшілігі жанындағы С.Вивекананда  мәдени орталығына, сондай-ақ, біздің музей-қорығымызға да іс-шараны өткізіп, ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді. Дилип мырзаға керемет сыйлықтар үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.

 

2022 жылдың 30 мамырынан 10 маусымына дейін ақпараттық-білім беру бөлімінің қызметкерлері Ш. М. Карибаева, А. Асыл, А. Амангелді Өскемен қаласының  № 7,  12, 29, 30, 38, 39 орта мектептерінің мектеп жанындағы лагерьлеріне П. Бажовтың ертегілері бойынша "Ертегілер патшасы Ханс Кристиан Андерсен", "Малахит қобдишасы" викториналарымен ойын-сауық-танымдық экскурсиялар өткізді.

 

 


Page 13 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 832
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …