No valid database connection You have an error in your SQL syntax; check the manual that corresponds to your MySQL server version for the right syntax to use near ':zhaalytary' at line 1 SQL=SELECT * FROM jos_scmeta_category WHERE category_id = 127:zhaalytary
жаңалықтары :
 

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы * Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник

  • Increase font size
  • Default font size
  • Decrease font size
бүгін музей-қорықта жаңалықтары
жаңалықтары


Музей-қорықтың Қ. Сәтпаев даңғылы, 79 А мекенжайда орналасқан Солжағалық кешенінің көрме залында музей сәулетшісі Виктор Шевченконың «Шабытымды шалқытқан туған қалам» атты дербес көрмесі ашылды. Келушілер көрмеден ескі және жаңа Өскеменнің, Солжағалық музей кешенінің, Самал саябағының көлемді макеттерін, сондай-ақ, қаланың бүгінде мүлде жоғалып кеткен, төңкеріске дейінгі сәулетінің эскиздік жобаларын көре алады. Өнертанушы Тамара Быкова жазғандай, «Виктор Шевченко сәулет кеңістігінде өткен мен нақты әлемдер бейнелерінің тамаша диалогында екі дүние жасайды, бірақ іс жүзінде бұл армандар тоғысатын қала.Бәлкім, В. Шевченко өз картиналарында болашақ ұрпақтар өмір сүретін байтақ әлемді ойлап тапқан болар. Кім білсін».

Толығырақ...

 

2021 жылдың 29 қарашасында ШҚО музей-қорығының ақпараттық-ағарту бөлімінің қызметкерлері Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы – Көкшетау қаласына арналған «Музейдің елдер достастығындағы іс-тәжірибесі» атты халықаралық онлайн семинар өткізді.

Музейлік семинардың мақсаты республикалық, облыстық музейлердің ғылыми, көрме-экспозициялық және ағартушылық салалардағы жұмыс тәжірибесін таныстыру әрі зерделеу болды. Іс-шараның модераторы – ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Шынар Кәрібаева. Семинарға Қазақстанның, Ресей мен Эстонияның әртүрлі қалаларындағы музейлердің қызметкерлері қатысты.

 

2021 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ақпараттық-білім беру бөлімінің мамандарымен (Ш.М. Карибаева, А. А. Асыл, О. М. Байгунусова) "Богатырлар мен батырлар еліне саяхат"атты танымдық іс-шара өткізілді.

 

2021 жылғы 19 қарашада «Орыс музейі: виртуалды филиал» халықаралық жобасын жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық-ағарту бөлімінің меңгерушісі Ш. Кәрібаева мен маман О.М. Байғонысова Өскемен қаласындағы № 26 орта мектептің 7 сынып оқушыларына «ІІІ Александр.  Патша және коллекционер» атты көрме бойынша виртуалды экскурсия өткізді. Оған ұзынсаны 36 адам қатысты.

 

2021 жылдың 18 қарашасы күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының базасында ақпараттық-білім беру бөлімінің мамандары (Ш.М. Кәрібаева, А. А. Асыл, О.М. Байғонысова) «Н.Ә. Назарбаев дәуір адамы» атты виртуалды экскурсиялар өткізді.

 


Page 19 of 122

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Статистика

Members : 832
Content : 3013

Счётчики

 Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>



«Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығы» КМҚК-ның даму ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ...


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …