|
  2023 жылдың 19-27 қаңтар аралығында ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Халық ойынының дәстүрлері» ойын-тәрбиелік бағдарламасын өткізді. Қатысушылар Өскемен қаласындағы №12, №19, №29, 37 орта мектептердің оқушылары болды. Балалар ойынның адам өміріндегі маңызы, қазақ, орыс, татар халықтарының дәстүрлі ойындарының ерекшеліктері туралы мәліметтерді тыңдады, диалогқа белсенді қатысты, қызықты тақырыптық бейнероликтерді тамашалады. Іс-шараның ең қызықты кезеңі «Асықтар», «Сақина», «Малечина-Калечина», «Бұлақ», «Арқан тарту», «Орчыкэмэсе» ойындары болды. Іс-шараға 120 адам қатысты.
|
 2022 жылы қаламыздың тұрғындары бірігіп «Ұрпақтар жады мен тағзым» атты онлайн халықтық естелік кітабын жазуға кірісті. Бұл басылымның мақсаты – өткен ғасырдың 40, 50, 60, 70-ші жылдарындағы ұрпақ өкілдері және өзіндік кейіпкерлері бар қызықты тұлғалар ретінде өз отбасының үлкен мүшелері ата, апа, әке, ана, әға, апке және т.б. туралы қала тұрғындарының жақсы естеліктерін жазып, олардың әуесқойлылығы, дүниелік даналықтары жариялау. Кітап өскемендіктердің өскелең ұрпағына арналған. Біздің кітап оларға тек қана қаланың, елдің тарихын оқулықтар мен кәсіби жазушылардың, ғалымдардың, журналистердің батырлар, саяси қайраткерлер туралы жазған мақалалары арқылы емес, қарапайым адамдардың, өз заманында өмір сүріп жатқан, жұмыс істеп жүрген, бала өсіріп отырған қарапайым адамдардың ізгілікпен жылытатын қарапайым әңгімелері арқылы көруге көмектесуі керек. Кітап жастарға жаһандық тарихи үдерістегі туыстық, отбасылық байланыстардың құдіреттілігін сезініп, оны қабылдауға көмектесіп, бұрынғыдан да үлкен туыстық сезімге шақыруы керек.
  2023 жылдың 12 қаңтары мен 18 қаңтар аралығында ағарту және көпшілікпен жұмыс бөлімі №103 балабақшаға, №24, №10, №12, №19 орта мектептердің мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушылары үшін «Шырша ойыншықтарының ертегі әлемінде» театрландырылған көрініс бағдарламасы өткізілді. Музей гномы өзінің шатырынан балаларға ертегі қорабындағы көне жаңа жылдық ойыншықтарды әкелді. Олар ертегі кейіпкері Қар ханшайымымен бірге балаларды жаңа жылдық ойыншықтардың пайда болу тарихымен таныстырады. Қор топтамасынан балаларға әртүрлі уақыттағы жаңа жылдық ойыншықтар көрсетілді: шыны шарлар, жаңғақтар, көкөністер, жемістер, ертегі кейіпкерлері. Балалар «Шыршаны безендір» ойынын ойнады, «Шыршада не өседі?» жұмбақтарын тапты. Бағдарламаның соңында «Аяз ата» мен «Ақшақар» қуыршақтары сиқырлы түрде тіріліп, олар балалармен бірге көңілді жаңа жылдық хоровод биледі. Бағдарламаға 276 адам қатысты.
 
2022 жылғы 20 желтоқсанда сағат 16.30-дан 19.00-ге дейін музей-қорықтың Солжағалық кешенінде мұз айдынының ашылуымен қысқы маусымның тұсаукесері өтті. Дәстүрге айналған іс-шараның негізгі мақсаты- тұрғындар арасында қысқы спорт түрлері мен спорттық өмір салтын насихаттау. Салтанатты шараға қала әкімі Жақсылық Омар, оның орынбасары И.Ф. Смит, журналистер қатысты. Мерекелік бағдарлама жас мәнерлеп сырғанаушылардың, Өскемен фристайлы жетекшілерінің, биік мүсіндер шоуының және музей-қорық қызметкерлері дайындаған хоровод, викторина, жарыса билеу бойынша өткізілген конкурс, сондай-ақ, "Бастеньки"фольклорлық-этнографиялық ансамблінің қойылымдарынан тұрды.
|
|
|
|
Page 11 of 122 |