• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар ғылыми қызметкерлердің мақалалары Кенжина А. М. ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – ҰЛЫ ТОЙ

Кенжина А. М. ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – ҰЛЫ ТОЙ

Келгенінше құттықтап бірін-бірі,

Қуанышта көрісіп кәрі-жасы.

Көңілі түгел адамның сен келген соң,

Самарқанның елжіреп түскен тасы.

                                         (А.Байтұрсынов)

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Жыл санағы бойынша, 22 наурызда күн мен түн теңеседі. Наурыз – жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Көне парсы тілінде нова-жаңа – рәзаңh-күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі  парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но-жаңа –роуз-күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді.

Наурыз мерекесінің туу тарихы турасында талас көп. Көбі ел аузындағы аңызға жүгінеді. Аңыздың өзі сан алуан. Аңыздың түбінен ақиқаттың бір ұшы қылт ететіні рас, кейбір ғалымдар бұны зороастризм кезеңіне дейінгі уақытпен байланыстырады. Кейбіреулер Парсы патшасының жорықтарымен байланыстырып жүр. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Әз Наурыз» деп қарсы  алған. 

Наурыз мейрамы – діни мереке деп қабылданбаған. Бұл қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп,  жаңа жылды қарсы алу мерекесі деп есептелінген. Бұл атаулы мерекде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Қазақ халқы бұл  күні дүниеге келген қыз балаларға Наурыз, Наурызгүл ер балаларға Наурызбай, Наурызхан деген есім берген [1;225].

1926 жылдан бастап, тоталитарлық жүйенің ықпалымен наурыз мерекесін тойлауға тыйым салынды. Көп жылдар бойы ұмытылған  мереке 1988 жылдан бері қайта жаңғырып, Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі өз жалғасын тапты.

Наурыз мерекесі 1991 жылы, 15 наурызда Президенттің  қаулысы негізінде мемлекеттік мәртебеге ие болды. Елбасы наурыз айының 22 жұлдызын "Наурыз мейрамы" деп жариялады.

 Ал 2009 жылдың 24 сәуірінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев наурыз айының 21, 22, 23 күндеріне "Наурыз мейрамы" деген атақ берді.

2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының 64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегіндеҚара теңіз аймағында, КавказдаОрта Азияда жәнеТаяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын" мәлімдеді. 2009 жылдың 30 қыркүйегінен бастап ЮНЕСКО  Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне кіргізді. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі.

Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретіндеТәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі. жүр.  Ұлыбританияда аталып өтіліп, 1700 жылға дейін ежелгі Русьте тойланып келген.  Көктем мерекесі туралы мәліметтер антикалық және орта ғасырлық жазушылардың еңбектерінде кездеседі. Шығыс жыл санағы бойынша, мереке ирандықтардың жаңа жылы Наврузбен жанасады. Наурыз мерекесін түркі тілдес халықтар тойлайды. Тәжік халқы бұл мерекені "Бәйшешек", "Гүлгардон" не "Гүлнавруздеп атаған. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі[1;227].

Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Халық наурыз мерекесіне алдын-ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл – тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн  Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек.

         Дәстүр  бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы[1;235].

Жүгі нарда, қазаны теңде болып көшпелі ғұмыр  кешкен қазақ халқы асты өте жоғары бағалап, қастерлей білген. Халқымыз адам өмірінде тамақты тіршілікке қажетті  құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Кез келген қазақы шаңырақтың  дастарханын  ет тағамдарынсыз елестету мүмкін емес[2;9].

 Наурыз  -тоқшылық күні. Қазан оттан түспейді.Мереке жақындаған сайын әрбір отбасы Наурыз көже жасауды міндетім деп санайды.
Наурыз көже.  22 наурыз мерекесіне  ғана  тән, көпшілікке арналған тағам. Оны  әр үй жеті дәмнен жасап, оған қазы, шұжық  сияқты сыйлы ет мүшелерін қосып,мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады [4;226].   

Қазіргі кезде  білмейтін жастар да  үлкен адамдардан ақыл-кеңес сұрап, Наурыз көжеге не қосу керектігін саралап жатады. Осы тұрғыда  біз де үлкен әжелеріміздің  біразынан  Наурыз көжені қалай жасау керектігін сұрап білдік. Ол үшін ең алдымен қазан толы сүтіңізді қайнатып, сүт піскеннен кейін оның бетіндегі қаймағын қалқып алып тастайсыз. Сүт әбден  пісуге тақаған кезде, қыс бойы сақтаған сүріңізді салып жіберіп, 15 минуттай бетін жауып қоясыз. Аталған уақыт өткеннен кейін жеке ыдысқа пісіріп алған бидай, жүгері, тары, асбұршақ, күріш тәрізді қоректік заттардың жеті түрін сүт пен етке араластырып тағы бір қайнатып аласыз[3;672]. Егер Наурыз көже қоймалжың болып кетсе, оған су қосуға болмайды. Тек айран қосып сұйылтасыз. . Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.  Наурыз көженің  дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол баршаны мейірімділікке, ізгілікке, бірлікке, татулыққа шақырады.
Шығыс халықтары үшін жыл қайыру, яғни күнтізбе жасау наурыздан бастау алады. Осы бір күнге үміт артып, «Наурыздың берер несібесі мол» дейтін ырымды берік ұстанған  біздің сәулет- этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорық  қызметкерлері  егемен ел болғалы, дәстүрімізді дәріптеп, асыл мұраларымыздың бедерін айшықтауда орны ерекше. Бұл мерекені қазақ халқы «жақсылықтың бастауы» деп ұғады.

 

 

Әдебиеттер:

1.Ақселеу Сейдімбек-   Қазақ әлемі

2.Сейіт Кенжеаметұлы- Қазақтың дарқан дастарханы

3.Қазақ ССРҚысқаша энциклопедиясы 4том

4. Сейіт Кенжеаметұлы-Қазақ халқының салт-дәстурлері

5. Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция

6. Казахи-алматы: Казахстан 1995ж

 

                                                       Кенжина Алмагуль Муслимкановна - ғылыми қызметкер

«Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз» атты республикалық ғылыми конференция материалдары. – Астана, 2017 – 249 б., 239-241 бет

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …