Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің екінші курс студенттері өздерінің өндірістік тәжірибелерінің бірінші бөлігін облыстық этнографиялық мұражайда өткізуде. Студенттер онда жергілікті тарихи материалдарға, әсіресе, ағашқа өрнектелген Алтай жазуларын зерттеуге баса назар аударуда.
Бір қызығы, ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы адамдар бұл әшекеймен жиһаздары мен тұрмысқа қажетті заттарын өрнектеген көрінеді. Өкінішке орай, біздің қолымызға соның тек жіп иіру станогы ғана тиіп отыр.
Студенттерге осы станоктың көшірмесін жасап, оны әшекейлеу тапсырылыпты. Мұражай қызметкерлері осы үлгілер бойынша тізбелер каталогын, суретті альбомдар жасамақшы.
В. Щетникова
Дидар, 06. О7. 2002 ж.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|