"Мы - Усе Сябры". Белорус халқының материалдық және рухани мәдениетіне арналған көрме осылай аталады. Көрмені этнографиялық мұражайдың аз этнотоптар бөлімі мен белорустардың ұлттық-мәдени орталығы ұйымдастырды. Оған келушілер Белоруссияның рәміздік және басқа ұлттық өрнегімен, сол елдің ақша белгілерімен, сан жылдарда жарық көрген кітаптармен, ұлттық ертегілермен қызыға танысары даусыз.
Белорус халқының ертедегі-бүгінгі тірлігімен таныстыратын көрме мамырдың ортасына дейін созылады.
В. Щетникова
Дидар, 29. 04. 2003 ж.
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|