• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта

Щетникова В.А. Ерекше көрме

Ашық аспан астындағы облыстық этнографиялық кешенде (бұрынғы Киров паркі) қазақ ауылы ашылды. Х1Х ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ауқатты қазақ интеллигентінің үйі ұлы Абайдың үйінің жобасымен, тек ішіндегі дүние-мүлкі біраз өзгертіліп салынған. Тікбұрышты, бес бөлмеден тұратын үйдің едені тақтай, терезелері шыныланған. Сол кездегі ыдыс-аяқтар қойылған ас үй, меймандарды күтіп алатын қонақ бөлме, кітап оқып, аударма жасаған, жазу жазған жұмыс кабинеті, кіші әйелі мен келіннің  жасауы жиылған бөлмелер.

Кіре берістегі кең бөлмеге қойылған әшекейлі сандық, ертоқым, аңшы мылтығы және аңдардың бағалы терілері еріксіз өзіне назар аудартады.

Үйге жақын тошала салынған, көбінде ас үй және қойма ретінде пайдаланылған. Қыста онда соғым еті сақталса, жазда талқан түйіп, май шайқаған.

Қазақ ауылында қазақтардың қыстақ ретінде пайдаланылған басқа да баспаналары бар.

Ғажайып қазақ ауылын тамашалауға, қазақ халқының тұрмысымен танысуға келуші жастар, мектеп оқушылары, зейнеткерлер, қала тұрғындары мен қонақтарының аяғы саябырлар емес.

Өкінішке орай, бұл керемет үй қазір қысқы мезгілге жабылып қалды. Көктем шыға ол меймандарға  құшағын қайтадан айқара ашатын болады.

В. ЩЕТНИКОВА

Дидар,  16. 11. 2002 ж.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …