• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар музей-қорық туралы мақалалар Бодаухан Тоқанұлы. Саябақтағы көрме

Бодаухан Тоқанұлы. Саябақтағы көрме

Саябақтағы  көрме

Осыдан  екі  жыл  бұрын  облыстық  этнографиялық  мұражай  Өскемен  қаласындағы  Жамбыл  атындағы  саябақтың  бұрын  пайдаланылмай, қоқыс  орнына   айналып,  иен  жатқан  бір  шетінен  көрме  павильонын  ашқан  болатын.  Ұлы  жеңістің  60  жылдығына  арналып  ашылған  бұл  көрме  павильонына  шығысқазақстандық  майдангерлердің  облыстық  мұрағаттан  алынған  әр  түрлі  суреттері,  құжаттары,  сыйлықтары,  майданнан  келген  хаттар  сияқты  құнды  жәдігерлер  қойылған.  Ал,  павильон  ауласына  1938-1940 жылдар  үрдісіндегі  «БМП-Т», «Т-62» тұрпатты танктер, броньдалған барлау,  шолғыншы  машинасы, «Д-1», «ЗИС-3» артилерия  зеңбіректері, кемеге  қарсы  бомба атқыш сияқты  сол заманның  бірегей  соғыс техникасы  қойылған.

Өткен  заманның  сұрапыл  соғысынан  сыр  шертетін  бұл  көрмені,  әсіресе, соғыс  техникаларынь бүгінгі  жастар,  мектеп  оқушылары, тіпті  балабақша  бүлдіршіндеріне  дейін   қызыға  тамашалайды.

Биыл  Жеңістің  60  жылдығы  қарсаңында  мұражай  қызметкерлері  павильонды  жәңа   жәдігерлермен  толықтырды.  Соның  бірі- еліміздің  тұңғыш   әскери ьұшқышы,  жерлесіміз  Жақыпбек  Малдыбаевқа  арналған  бөлім.  Бөлімге  15 мамырда  туғанына  100жыл  толғалы  отырған  алғашқы  әскери   ұшқыштың   түрлі  суреттері,  құжаттары   қойылып,  өмірбаяны жазылған. 1929 жылдан  Қызыл  Армия  қатарында  қызмет  істеп, 1933 жылы Харков  жоғары   әскери-  авияциялық  училищесін, 1937 жылы  Москвадағы  Жуковский   атындағы  әскери  әуе  академиясын   бітірген  аға  лейтенант  Жақыпбек  Малдыбаев  кеңестік  160  ерікті  ұшқыштар  қатарында  Испания-ның  азаматтық  соғысына  қатысып, 1938  жылы  қайтып  келе  жатқан  жол-ында  ұшақ  апатынан  қайтыс  болған.  Бұл  бұрыш  даңықты  әскери  ұшқыш  жерлесіміздің  туғанына  100 жыл  толуын  облыс  көлемінде  белгілеп,  жас  ұрпақтарға  насихаттауға  мұрындық  болған  үлгілі  іс  деуге  болады.

Ж.Малдыбаев  өзі  ғана  емес  әулетімен  соғысқа  қатысып, ерлік,  өнеге  көрсеткен  даңықты  жауынгерлер. Бірге  туған  аға- інілері  -Әбілбек  Малдыбаев  1938   жылы  ақ  финдер  соғысына, Омар,  Шәріп, Құмарбек  Малдыбаевтар  Ұлы  Отан  соғысына  қатысып,  кеуделеріне   әлденеше  орден, ондаған  медаль  таққан  ардагер  жауынгерлер. Көрме  павильонының  Ж. Малдыбаевқа   арналған   бөлімінен  бұларға  қатысты  жәдігерлерге    де  орын  берілген.

Аталмыш  павильон  жыл  сайын  жаз  бойы  жұмыс істеп,  жастарымызды  отан  сүйгіштік  рухта  тәрбиелеуге   лайықты  үлес   қосып   келеді.

Бодаухан  Тоқанұлы

«Дидар»  газеті  №15, 2007 жыл  15  мамыр

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …