Қазақстан республикасы мерекеленген 25- қазан күні облыс орталығында Жамбыл саябағы жаңаша түрге, сипатқа еніп, өзінің келуші-леріне қақпасын айқара ашты. Бірнеше жылдар бедерінде саябақтың аты ғана қалып,барлық көрік -кейпінен айрылған- тын.Көпшіліктің демалыс орнының бұлайша кетеуі кетуі мәдениет жанашыры, белгілі этнограф Николай Зайцевті қатты толғандырды. Аз уақытта Киров атындағы сая-бақты ел демалатын сұлу орынға айналдырған ол, осынау саябақты өзіне үлкен сеніммен жүктегенде еш қарсылық білдірмеген. Өйткені әде-мілік жасау бұл адамның болмысына тән.
Көп өтпей- ақ демалыс орны айрықша жөндеуден өтті. Күтімсіз қалған ағаш - ағаштың арасы, айналасы тазаланып, көктемде отырғызылуға тиісті сан түрлі гүлдер үшін орындар дайындалды, тіпті балалар асыр салып ойнайтын бұрыштар да барлық қажеттілігі ескеріле отырып, қарастыр-ылған. Ал, саябақ ішіндегі жануарларға арналған зообақ өзгеше қорша-лып, әр келуші көңілін көтермек екен.
- Аддағы уақытта саябақтың сол жақ бұрышына таман Бесқарағай ауданының Ақкөл әкелінген ағаштан мешіт тұрғызылмақшы. 30- ға тарта отыратын әсем орындықтар қойылады, әртүрлі мүсінтастар орын тебеді. Сөйтіп бұл саябақта өскемендіктердің еркін демалатын орнына айналмақ. Әлі де жасалатын істер мен жұмыстар көп,- дейді үлкен істің басшысы , облыстық сәулет-этнография және тәбиғи-ландшафты мұражай- қорығының директоры Николай Алексеевич Зайцев.
Тағы бір армандағыдай әсем демалыс орны өмірге келгені жан жадыратты.
Әсел Басшыбек
«Дидар» газеті, №109, 2006 жыл 28 қазан
< Осының алдындағы | Келесі > |
---|