• Увеличить размер шрифта
  • Размер шрифта по умолчанию
  • Уменьшить размер шрифта
басылымдар музей-қорық туралы мақалалар Кенжехан М. Ираннан келген інжулер

Кенжехан М. Ираннан келген інжулер

Жуықта  Шығыс Қазақстан  облыстық  сәулет- этнографиялық және  табиғи - ландшафтық  мұражай  қорығында  аталмыш  мекеме мен  Иран Ислам  республикасының  Қазақстан  республикасындағы елшілігі   жанынан  құрылған  Иран  мәдени   өкілдігінің  ұйымдастыр-уымен  «Иран – Шығыстың  інжу- маржаны» атты  көрме  ашылды.

Көрмеге  көрерменнің  көз  жауын  алғандай,  ағаштан, металдан, қыштан  жасалған, Иран  мәдениетін  жырлайтын әсем  бұйымдар  мен  қүран  үзінді-лері  жазылған  сәндік  паннолар,  кітаптар  қойылды.

«Бай  мәдениетіміз үш  мың  жылдық  тарихқа  ие» деген  иран  өкілдері  өз  өркениетінің  аты  затына сай  екенін  Өскемен  халқына дәлелдеп  берді.

Осы  мәдениеттің  аты  әлемге  мәшһүр  болуының  өзін  басқа  елдермен тығыз  қарым- қатынас  жасағаннан  бөле  қарауға  болмайды. Осы  ойымның  жарқын  дәлелі : жоғарыдағы  аталмыш  көрмені  ұйымдастырған  Иран  мәдениет  өкілдерінің С . Аманжолов  атындағы ШҚМУ-дың  құзырлы орындарына  осы  шараны  студенттер  ортасында  ашу  туралы  ұсыныс  қойғаны.  Міне , бұл ұсыныс  та  олардың биік  шыңға  шығуының  бір  баспалдағы  болар.

Сөз  соңында  айта  кетер бір  жәйт,  қонақтардың  құнды  бұйымдарын  қызығушылықпен  тамашалаған  мені  көзіме  шоқтай  басылған осы  мұра-жайдің  төл  мұралары ,  қазақи  ою-  өрнектер,  бабам  асынған  бес  қару  әжемдей  мейірленіп,  жанынан   алыстатпай – ақ  қойды.

«Әркімнің  өзі  шыққан  тауы биік» демекші , ең  бастысы  өзге  ұлттң  мәдениетін  таныта  отырып,  өз  ұлтымыздың  да  салт-  дәстүрі  мен  ұлттық  құндылықтары   көркейе  берсе  екен.

Мұратхан  Кенжехан

С . Аманжолов  атындағы  ШҚМУ- дың  студенті.

«Дидар» газеті  № 32, 2009 жыл 12 наурыз.

 

Поиск прошедший индексацию в Яндексе

Авторландыру

Счётчики

 

Top.Mail.Ru


Жарнама

Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының ресми сайтына кірушілердің барлығын шын жүректен құттықтаймыз


Күнделікті, келушілердің тапсырыстары бойынша Бейбітшілік көшесі, 29 мекенжайындағы музей ғимаратында Мемлекеттік Орыс музейінің залдары бойынша виртуалды экскурсия жүргізіледі. Михайлов сарайы (Санкт-Петербург). толығырақ>>
БИЛЕТ САТЫП АЛУ



Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының 2023 жылға арналған ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ....


Біздің музей өзінің экспозиция залдарына QR-кодтарды енгізді, олар витриналарда, киіз үй мен жекелеген жәдігерлердің жанында орналасқан. Бұл музейге келушілер мен экскурсия жасаушыларға ондағы жәдігерлермен өз бетінше танысуға, олар туралы ақпарат алатын тілді (әзірге қазақ немесе орыс тілдері, ал келешекте ағылшын тілін) таңдауға; танып-білгісі келетін объектіні өз қалауы бойынша таңдап, барынша толыққанды және нақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. QR Museum сілтемесіне көшу …